Шашқа арналған бояуларға қатысты АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасы
1-тарауда талқыланғандай, АҚШ-та бояғыш қоспаларды реттеу өте күрделі. FD&C заңына сәйкес
бояғыштарға арналған барлық косметикалық қоспаларды FDA мақұлдауы тиіс, және осы заңға сәйкес
құрамында FDA
алдын ала мақұлдамаған бояғыш бар кез косметикалық өнімді АҚШ-та сатуға тыйым
салынады.
Дегенмен құрамында тас көмір шайыры бар шаш бояуына қатысты осы қағидалардан ерекшелік
бар.
Бұған қоса FDA бояғыш ингредиенттің көзіне байланысты бояғыш қоспаны сертификаттаудан өткізуі
мүмкін. Бұл сертификаттаудың мақсаты халықтың денсаулығын қорғау мақсатында бояғыш қоспалардың
әрбір өндірілетін партиясының бекітілген ерекшеліктерге сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мақұлданған бояғыш қоспалардың көпшілігі, соның ішінде сертификатталған, сондай-ақ сертификатталмаған
бояғыштарға қатысты олардың пайдалану мақсатына орай шектеулер бар. Мысалы, қынаны көз айналасына
немесе денеге пайдалануға болмайды; тек бас терісіндегі шашты бояуға рұқсат етіледі.
«Тас көмір» атауы синтетикалық бояғыштардың түпнұсқа көзінен шыққан. Алғашқы синтетикалық
органикалық бояғыштар табылған кезде олар «тас көмір бояғыштары» деп аталған, себебі олар алғаш рет
көмірді қайта өңдеудің жанама өнімдерінен алынған. Бүгін де сертификатталатын бояғыш қоспаларды әлі
күнге дейін таскөмір шайыр бояғыштары деп атайды; алайда олар негізінен көмірден емес, мұнайдан алынған
шикізаттан синтезделген.
Достарыңызбен бөлісу: |