Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


арасында  құрылымы,  функциялары  мен  композициясы



Pdf көрінісі
бет1042/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1038   1039   1040   1041   1042   1043   1044   1045   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
арасында  құрылымы,  функциялары  мен  композициясы

,3 


бойынша  айтарлықтай  айырмашылық 

бар, бұл балаларға арналған өнімді жасаған кезде есепке алынуы тиіс. 

Ең алдымен бұл жерде қысқаша 

қорытынды ұсынылады

Тері 

Жалпы сәбилердің терісі анатомиялық дамыған болып табылады, сонымен қатар ол өмірінің бірінші 

жылы күрделі физиологиялық және құрылымдық өзгерістерден өтеді.

Туғаннан кейін шамамен 20 апта ішінде тері функционалды болып, қорғау барьеріне айналады,

4

 әлі жетіліп 



«піспеген» болып, өмірінің бірінші жылы бойы дамиды.

5

   Осы жерде сәбидің және ересек адамның терісі 



арасындағы бас айырмашылықтар жинақталған:

■ 

Терідегі  құрылымдық  айрмашылықтар

: Сәби  терісінің  мүйіз  қабаты   (МҚ) ересек адамның МҚ-сына 

қарағанда  шамамен  30%-ға  жұқарақ  болады,

6

,

7

  және  баланың  терісіндегі  барлық  эпидермис  ересек 



теріге  қарағанда  шамамен  20-30%  жұқарақ.

8

  Сәби  терісіндегі  SC  жасушалары  кішірек  болады,  бұл 



эпидермистегі жасушалардың тез айналымына байланысты. Бұл ересектермен салыстырғанда балалар 

жараларының  тез  жазылу  қасиеттерін  түсіндіреді.

9

  меланоциттер  пигментациясы  аздай  болып,  осы 



арқылы жаңа туған нәресте терісінің бозғылт түсі түсіндіріледі. Ол терінің күннен қорғайтын қызметін 

де қамтамасыз етеді. Күннен қорғау үлкенірек балаларға қарағанда сәбилер үшін аса маңызды болады. 

Бұған қоса сәби терісінің иммундық қорғалуы және оның рецепторлық функциясы өмірінің алғашқы 

айларында айтарлықтай дамудан өтеді.

3

 Сонымен қатар дермада да құрылымдық айырмашылықтар бар. 



Иілгіш және коллаген талшықтары болса да, олардық тығыздығы төмендеу болады.

■ 

Терідегі  композициялық  айырмашылықтар

: Бастапқыда туғаннан кейін сәби терісі су көлемі бойынша 

ересек адамның терісінен құрғақтау болады.

10

  Алайда сәби өмірінің бірінші айында терісіндегі су көлемі 



айтарлықтай өседі. Бірнеше ай өткен соң, сәби терісі жас адамның терісіне қарағанда ылғалдырақ болады.

10

 



Майлы  қылқаламдардың  белсенділігі,  демек,  нәрестелерде  тері  майының  өндірілуі  төмендейді.

11

 



Зерттеулер теріге тиесілі ылғалдануды қамтамасыз ететін ТЫФ (табиғи ылғалдандырғыш фактор) көлемі, 

ересек  адамның  терісіне  қарағанда,  сәбидің  терісінде  төменірек  болатынын  көрсетеді.

12

  Туған  кезде 



бала терісінің pH көрсеткіші 6.34-7.5 аралығында болады. Қысқасы, дүниеге келгеннен кейін алғашқы 2 

апта ішінде, осы бейтарап pH қышқылдана бастайды (шамамен 5), бұл ересек адамның терісіндегі рН-қа 

ұқсас.

13

■ 



Терідегі функционалды айырмашылықтар

: Нәрестелер терісіндегі тері майының мөлшері дені сау ересек 

адамның терісіне қарағанда әлдеқайда төмен болса да, нәрестелердің тері барьері туған кезде де жеткілікті 

болып қалады.

5

 Суды ұстап тұру қабілеті сияқты терінің қосымша функциялары туғаннан кейін жақсаруы 



керек. Балалар терісі ересектерден гөрі ылғалданғаны белгілі болса да, ол ересектерден гөрі суды тез 

жоғалтады (судың үлкен трансэпидермалды жоғалуы бар, TEWL мәні). Оның суды сіңіп алу қабілеті 

өте жақсы, ол ересек адамның терісіне қарағанда көп суды сіңіп алатынын білдіреді; дегенмен, ол суды 

тиімді ұстай алмайды.

12

  Бұл балалар терісін қорғау үшін ылғалдандыратын құралдарды пайдаланудың 



маңыздылығын түсіндіреді. Нәрестенің бетінің ауданы дене салмағымен салыстырғанда салыстырмалы 

түрде жоғары, бұл тері арқылы сіңіп алу дайындығын білдіреді. Бұл жоғары коэффициент бірінші жыл 

ішінде біртіндеп төмендейді. Экзокринді тер бездері баланың терісінде бар және жұмыс істейді; алайда 

олардың белсенділігі ересектер терісіне қарағанда төмен. Бұл термореттеудің бұзылуына әкелуі мүмкін. 

Апокринді бездер жыныстық жетілген кезде ғана жұмыс істейді.

Шаш 

Жаңа  туған  нәрестенің  шашы  жақсы  дамыған  болады;  алайда  ол  тек  аздап  қана  пигменттелген. 

Олардың денесі негізінен үлкендердің шаштарына қарағанда әлдеқайда жеңіл және жұқа шаш талшықтарымен 

жабылған.

14

 Туғаннан кейін шаш анаген кезеңінен телоген кезеңіне өтеді, бұл баланың туғаннан кейін 8 аптадан 



өтісімен шашының түсуіне әкеп соғады. Осыдан кейін шаш циклы ересек адамның циклына ұқсас болады, 

сондықтан  шаш  фоликулдары  циклдың  әртүрлі  кезеңдерінде  болады.

15

  Шаш  фолликулдарының  саны  бір 



шаршы сантиметрге шаққан кезде, ересек адамның терісіне қарағанда,  жоғары болады, бұл теріге жағылатын 

жергілікті заттардың терең ену қаупін арттырады.16 Май бездерінің төмен белсенділігі салдарынан шаш өзек 

бетіндегі май көп емес. Сондықтан күшті беттік белсенді заттар шашты тазалау үшін қажет емес.



491



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1038   1039   1040   1041   1042   1043   1044   1045   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет