күші; түсі; консерванттың тиімділігі, тұтқырлығы және рН кіреді.
Бұл бағалаулар алдыңғы бөлімдерде
талқыланғандықтан, олар мұнда егжей-тегжейлі қарастырылмайды.
Жалпы сыналатын өнімділік (тиімділік) параметрлері
Бала күтіміне арналған құралдардың
қасиеттеріне (тиімділігіне) қатысты ең жиі тестіленетін параметрлер бөртпеге қарсы өнімдердің
қорғаныс әсерін, ылғалдағыш өнімдердің ылғалдандырушы әсерін және күннен қорғайтын құралдардың
қорғаныс әсерін қамтиды.
Балаларға арналған күннен қорғайтын кремдердің тиімділігін тестілеу ересектерге
арналған өнімдерді тестілеуге ұқсас. Тестілеу шарттары 3-тараудың 5-бөлімінде толық сипатталғандықтан, ал
ылғалдағыш өнімдердің өнімділігін тестілеу 3-тараудың 2-бөлімінде талқыланғандықтан, бұл сынақтар енді
талқыланбайды. Қосымша ақпарат алу үшін 3-тарауды қараңыз.
Бөртпеге қарсы өнімдердің тиімділігі
Бұрын талқыланғандай бөртпеге қарсы өнімдердің негізгі қызметі
теріге суға төзімді қабатты қалыптастыру және теріні зәрдегі және нәжістегі тітіркендіргіш компоненттерден
қорғау болып табылады. Өнімдердің тиімділігі әдетте балаларға in vivo түрінде тестіленеді, ал нәтижелерді
сарапшылар бағалайды. Жалпы зерттеу процедурасы мынадай түрде сипатталуы мүмкін. Сыналушылар екі
кездейсоқ түрде топқа бөлінді: бір топ бөртпеге қарсы өнім қолданады, ал екінші топқа бақылау (плацебо)
өнімі беріледі, яғни немесе жай қарапайым күтім алады. Бөртпеге қарсы өнімді және плацебо өнімін әркез
жөргекті ауыстырған кезде жақсылап тазалағаннан кейін және күніне бір рет шомылдырғаннан кейін бірнеше
апта ішінде сәбидің терісіне жағады. Бөртпелерге клиникалық бағалауды сарапшылар зерттеуге дейін (0
күн) емдеу барысында және емдеудің соңғы күні жүргізеді. Бөртпелер ауырлығын алдын ала анықталған
ауқымда нақты учаскелер үшін (солардың ішінде бөкселер, жыныс мүшелерінің аймағы, перианалды аймақ,
арқа және аяқтар) бағалайды. Сонымен қатар жөргек аймағының жалпы жағдайы да ұқсас шкала бойынша
бағаланады.
71
Микробиологиялық зерттеу бактериялардың (
Streptoccus
және
Staphylococcus
түрлері) және
ашытқылардың (негізінен
Candida albicans
) бар-жоғын анықтау үшін де жүргізіледі.72 Нәтижелер зерттеудің
соңында бағаланады және айырмашылықтардың статистикалық маңызы бар немесе жоқ екенін көру үшін
статистикалық талдау жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |