Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Тұтынушылардың  көзқарасы  бойынша  ауыз  шаюға  арналған  сұйықтық  дәрі  немесе



Pdf көрінісі
бет113/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
  Тұтынушылардың  көзқарасы  бойынша  ауыз  шаюға  арналған  сұйықтық  дәрі  немесе 

косметикалық зат болып саналуы маңызды емес. Дегенмен, өнімді косметикалық емес, ал дәрілік зат 

ретінде жіктеудің нормативтік салдары елеулі болып табылады.

 Бұл дәрілік заттарға қойылатын талаптар 

косметикаға  қойылатын  талаптарға  қарағанда  ауқымды  болғанына  байланысты.  Тұтынушылар  косметикалық 

өнімдерді  FDA  бақылайтынын  білген  кезде,  оларды  реттеу  дәрілік  реттеуге  өте  ұқсас  деп  болжайды.  Алайда  бұл 

олай емес. Шынын айтқанда, FDA косметикалық өнімдерді (дәрі-дәрмектерден ерекше) тек шектеулі түрде бақылай 

алады. FDA кездейсоқ негізде компаниялардың мониторингін жүзеге асыра алады және асырады; алайда косметикаға 

қатысты көптеген әрекеттер ерікті сипатта болады және өндірушілер ағымдағы талаптарды сақтауға жауапты. Мұндай 

шектеулі бақылаудың себебі АҚШ-та косметиканы реттейтін негізгі заңнама айтарлықтай уақыт кезеңінде өзгеріссіз 

қалды (Азық-түлік, дәрі-дәрмек және косметикалық құралдар туралы Федералдық заң 1938 жылы ғана қабылданды). 

Косметиканың анықтамасы қолданылған бірқатар косметикалық өнімдер мен ингредиенттер өте шектеулі болған кезде 

ғана ойлап табылды.   

                             

 

 

Керісінше,  Еуропалық  Одақтағы  (ЕО)  заңнама  техникалық  прогреске  байланысты  енгізілген  соң,  көптеген 



өзгерістерге,  түзетуге  және  бейімдеуге  ұшыраған  болатын.  Бұл  анықтамалар  мен  басқару  құралдарына  өнімнің 

әзірлемелерімен  қатар  жүруге  мүмкіндік  берді.  Нәтижесінде  көптеген  жаңа  өнімдер,  күннен  қорғайтын  құралдар 

мен тіс пастасын қоса алғанда, «дәрі-дәрмек» санатына емес, «косметика» санатына енгізілді. Тұрақты жаңартуларға 

байланысты, Косметика жөніндегі ЕО директивасы, кейін Косметикалық өнімдер туралы ЕО регламенті бүкіл әлемдегі 

заманауи косметикалық нормалардың үлгісі болды. Бүкіл әлем бойынша елдер косметикаға қатысты өз нормаларын 

үйлестіруге және оларды ЕО регламентіне жақын етуге тырысуда. Сондықтан бұл бөлімде АҚШ-тың да, ЕО-ның да 

регламенттері қарастырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет