Дәрілік заттарды бағалау және зерттеу орталығында (CDER) орналасқан Рецептісіз
23
дәрілер басқармасы дәрі-дәрмектерді Азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектер туралы заңға сәйкес
реттейді. (қосымша ақпаратты 2-тараудың 2-бөлімінен қараңыз). Азық-түлік өнімдері және дәрі-
дәрмектер туралы заңына сәйкес,
3
дәрі-дәрмектер
5
: «ауруды диагностикалау, емдеу, жеңілдету,
сауықтыру
немесе алдын алу кезінде қолдануға арналған бұйымдар» және «адам ағзасының немесе
басқа жануарлардың құрылымына немесе кез келген функциясына әсер етуге арналған (тамақтан басқа)
заттар» болып табылады.
FDA реттеуіне сәйкес, дәрілердің екі санаты бар: рецептісіз дәрілер мен тек рецепт бойынша босатылатын
дәрі-дәрмектер. Рецептісіз дәрілерді олардың атауында көрсетілгендей рецептісіз сатып алуға болады. Бұл
өнімдер дәрігердің рұқсатынсыз көпшіліктің пайдалану үшін қауіпсіз және тиімді болып саналады. Мысалы,
сатып алуға болатын бас, тамақ ауруынан және аллергиядан өнімдер. Басқа жағынан, емделушілер тек
рецепт бойынша босатылатын дәрі-дәрмектерді сатып алғанға дейін, оларға лицензияланған дәрігер жазған
рецепт қажет. Бұл препараттар бірнеше себептер салдарынан өз бетінше емдеу үшін қауіпті болып табылады;
сондықтан олар дәрігердің бақылауынсыз пайдаланыла алмайды. Мысалдар антибиотиктер, контрацептивтер
мен жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектерді қамтиды.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек және косметикалық құралдар туралы заңда ұсынылған екі анықтама (яғни,
косметика мен дәрі-дәрмектің) препараттың дәрілік зат немесе косметикалық зат болып табылатынын
заңды түрде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: