■
Скрабтар,
әдетте, табиғи немесе синтетикалық ұсақ бөлшектерден тұратын М / С типті эмульсиялар
немесе гельдер болып табылады. Скрабтар теріні терең тазартуға және жылтыратуға арналған, оған
бөлшектер үйкелісімен теріні қабыршақтау жатады. Тері тұрақты және үздіксіз түсетінін ескеру маңызды;
демек, күн сайын қосымша қабыршақтағыш заттарды пайдалану қажет емес. Олар тері барьеріне әсер
етіп, шамадан тыс пайдалану кезінде зақым келтіруі мүмкін.
Бұл препараттарды теріге уқалау және жағу барынша мұқият және нәзіктікпен және өндірушінің
нұсқауларына қатаң сәйкестікте орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |