СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?
«Антисептик» және «дезинфекциялау құралдары» терминдері кейде өзара
алмастырылуы мүмкін; алайда олар бірдей емес. Антисептиктер тірі
тіндерде микроағзаларды жою немесе олардың өсуін тоқтату жолымен
инфекциялардың алдын алу үшін пайдаланылатын химиялық агенттер
болып табылады (мысалы, медицина қызметкерлерінің қол жууы).
Керісінше, дезинфекциялау құралдары жансыз беттерде немесе нысандарда
инфекциялық микроағзаларды жою немесе қайтымсыз әсерсіздендіру
үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта антибактериалды сабын және қолға
арналған антисептикалық гельдер сияқты антисептиктерді FDA реттейді,
ал дезинфекциялау құралдарын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
агенттік (ЕРА) реттейді.
42
Қазіргі уақытта қол жетімді антисептикалық өнімдер әртүрлі; оларды болжамды пайдалануға байланысты
үш кең санатқа бөлуге болады: медициналық антисептиктер, тұтынушылық антисептиктер және азық-түлік
өнеркәсібі немесе қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне арналған антисептиктер.
Достарыңызбен бөлісу: |