Қауіпсіздік мәселелерін тудыратын ингредиенттер
Теріні тазалауға арналған өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты қауіп тудыратын ингредиенттерге
парабендер, триклозан, натрий лаурилсульфаты және скраб микробөлшектері жатады.
Олардың
қауіпсіздігі туралы қорытындылар мен ағымдағы мәлімдемелер осы жерде келтірілген.
Парабендер
Метилпарабен, этилпарабен, пропилпарабен және бутилпарабенді қоса алғанда, парабендер
косметика және жеке гигиена құралдары үшін жиі қолданылатын және ең тиімді консерванттардың бірі болып
табылады. Парабендер әдетте микроағзалардан кең ауқымды қорғауды қамтамасыз ету үшін бір-бірімен және
консерванттардың басқа да түрлерімен үйлеседі. Парабен қоспаларын пайдалану консерванттың неғұрлым
төмен жеке деңгейлерін және неғұрлым жоғары тиімділігін пайдалануға мүмкіндік береді.
Парабендерді қауіпсіз пайдалануға қатысты қауіп үнемі туындайды. Негізгі қорытындылардың қысқаша
мазмұны осында келтірілген.
■
Косметикалық ингредиенттерді шолу бойынша сараптамалық топ (CIR) бастапқыда 1984 жылы жиі
қолданылатын парабендердің (метил-, этил-, пропил-, және бутилпарабен) қауіпсіздігін тексерді.
75
Ол
парабендер 25%-ға дейін деңгейде косметикада пайдалану үшін қауіпсіз болды деген қорытындыға
келді. (Ескерту: әдетте, бұл ингредиенттер косметикалық өнімдерде 1 %-дан кем пайдаланылады)
■
21-ші ғасырдың басында CIR парабендердің қауіпсіздігіне қатысты өсіп келе жатқан алаңдаушылыққа
байланысты олардың қауіпсіздігін қайта қарастырды. 2004 жылы жарияланған зерттеу парабендерді
жануарларға эксперимент негізінде сүт безі обырымен байланыстырды.
76
Бұл белсенділік парабендердің
эстроген тәріздес қасиеттері мәнмәтінінде талқыланды. Зерттеуде елеулі шектеулер болды және
Американдық онкологиялық қоғам (ACS)
77
және Ұлттық обыр институты (NCI)
78
сияқты қатерлі
ісікті зерттеу бойынша көптеген ұйымдар оны қабылдамады. Эстроген тәріздес парабендердің әлсіз
белсенділігі белгілі (эстрогендер – сүт безі обырының белгілі бір түрлерінің дамуымен байланысты
болуы мүмкін ерлер мен әйелдерде табиғи түрде кездесетін гормондар). Дегенмен, зерттеулерге сәйкес,
ең қуатты бутилпарабен, табиғи эстрогендерге қарағанда, 10000-100000 есе әлсіз эстроген тәріздес
белсенділікке ие.
79
2006 жылы CIR парабендер косметикада қолдану үшін қауіпсіз екендігі туралы 1984
жылдан бастап өзінің бастапқы қорытындысын өзгертудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді.
■
Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми комитет (SCCS) те парабендердің
қауіпсіздігін зерттеді. 2011 жылы ол метилпарабен мен этилпарабен ағымдағы деңгейде қауіпсіз деген
қорытындыға келді (бөлек пайдаланылса – 0,4% немесе комбинацияда – 0,8%);
алайда, ол пропилпарабен
мен бутилпарабеннің (екі ең қуатты парабен) жеке концентрациясының сомасы 0,19%-дан аспауы үшін
олардың деңгейін төмендетуді ұсынды.
80
Басқа парабендерге келетін болсақ, ол мәліметтердің болмауына
байланысты адам үшін қауіп бағалануы мүмкін емес деп мәлімдеді.
80
Дания Үкіметі 2011 жылдың 15
наурызында пропил - және бутилпарабендерді 3 жасқа толмаған балаларға арналған косметикалық
құралдарда пайдалануға тыйым салды.
Данияда тыйым салу SCCS-тың жаңа бағалауын тудырды, ол
6 айға дейінгі балаларға арналған жаялықша сияқты жууды талап етпейтін өнімдердегі парабендерге
тыйым салуға әкелді.
81
■
2011 жылы PCPC CIR-ды SCCS-тың жаңа пікірлері аясында парабендер бойынша шолуды қайта қарауды
сұрады. CIR 2012 жылы SCCS пікірлерін мұқият зерттеп, парабендер косметикалық ингредиенттер
167
ретінде пайдалану үшін қауіпсіз екендігі туралы өзінің алдыңғы қорытындыларын растады.
82
Ешқандай зерттеулер парабендерді пайдаланудың адам денсаулығы үшін ықтимал тәуекелін
растамағанымен, сүт безі обыры мен эндокриндік бұзылыстар тудыруы мүмкін деген тұжырым кең таралған,
бұл косметикалық құралдарды өндірушілерді өз құрамдарынан осы ингредиентті алып тастауға және оны
балама консерванттармен алмастыруға мәжбүр етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |