Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет362/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?

Ылғалдайтын  заттар  дермадан  суды  жоғары  сіңіруді  арттыруы  мүмкін 

болғандықтан,  бұл  қосылыстар  төмен  ылғалдылық  кезінде  қоршаған 

ортаға  булану  нәтижесінде  дермадан  судың  шамадан  тыс  жоғалуына 

әкелуі мүмкін. Бұл тері барьері бұзылған жағдайда ерекше мәнге ие болуы 

мүмкін.  Осы  құбылысқа  байланысты  ылғалдандырғыштың  құрамасы 

судың  жоғалуын  болдырмайтын  ылғалдайтын  заттар  мен  окклюзияның 

қоспасынан тұрады.

24



182

3.16-сурет 

Ылғалдайтын заттардың жұмыс принципі



Жұмсартқыштар

  Жұмсартқыштар,  әдетте,  корнеоциттер  арасындағы  бос  кеңістікті  толтыру  және  SC-

да  жоғалған  липидтерді  алмастыру  арқылы  теріні  иілгіштендруге,  жұмсартуға  және  тегістеуге  арналған. 

(3.17-суретті қараңыз). Жұмсартқыштар, сондай-ақ тітіркенуді азайту және терінің эстетикалық тегістігі мен 

жұмсақтығын арттыру үшін терінің бетіне қорғаныс пен майлауды қамтамасыз етуі мүмкін.

Ең танымал жұмсартқыштар минералды май, вазелин және олардың туындылары сияқты

 

көмірсутекке; 



стеарин  қышқылы,  линол  қышқылы,  лаурин  қышқылы  сияқты  май  қышқылдарына  және  спирттер  мен 

күрделі  эфирлер  сияқты  олардың  туындыларына;  бадам  майы  сияқты  өсімдік  майларына;  синтетикалық 

триглицеридтерге; силикондарға; ара балауызы, карнауб балауызы, полиэтилен балауызы және цетил спирті 

сияқты  балауыздарға;  ланолин  туындыларына  және  полимерлерге  негізделген. Майлы  алмастырылмайтын 

қышқылдар  (яғни,  C18  қанықпаған  линол  және  альфа-линол  қышқылдары)  тері  физиологиясына  терінің 

барьерлік функцияларына, эйкозаноидтардың өндірілуіне, мембраналардың ағымдылығына және жасушалық 

сигнализацияға әсер ету арқылы әсер тигізеді.

25

Окклюзиялар 

Бөгелген агенттер SC-тен ТЭЫЖ-ды физикалық бұғаттау үшін гидрофобты кедергі құрайды 

(3.18-суретті қараңыз). Ылғандандырғыштар құрамаларындағы окклюзиялар жұмсартқыштардың су тартқыш 

табиғатын толықтырады. Олар теріден 

3.17-сурет 

Жұмсартқыштардың жұмыс принципі

судың  булануын  болдырмайтындықтан,  олар  зақымдалған  құрғақ  теріні  емдеуде  әсіресе  тиімді  болуы 



183

мүмкін. Олардың қосымша жұмсартқыш әсерлері болуы мүмкін. 

Окклюзиялар жабысқақ, оңай жойылмайтын және теріге май сезімін қалдыратын болғандықтан, көптеген 

тұтынушылар үшін ең тартымды ингредиенттер болып табылмаса да, олар ТЭЫЖ азайту үшін өте тиімді. Ең 

жиі қолданылатын ингредиент – вазелин.

Теріге су өткізбейтін қабатты қалыптастырудан басқа, ол терінің жоғарғы қабаттарына еніп, жасушааралық 

липидтердің өндірілуін бастай алады.

26

 Ланолин, сондай-ақ ертеде өте танымал болды; дегенмен, ол тітіркендіргіш 



тудыратын  ингредиент  және  жағымсыз  иісі  бар  болғандықтан,  оның  пайдаланылуы  азайтылды.  Бүгінде 

косметикалық тартымды сипаттамалары бар жаңа окклюзиялар бар. Оларға диметикон (полидиметилсилоксан) 

сияқты силикон туындылары жатады. Олар «құрғақ жанасуды» бере отырып, құраманың эстетикалық сапасын 

қосымша жақсартады. Олар өте тез кебеді, оңай жағылып, алып тасталынады, сондай-ақ терідегі тесіктерді 

(бөртпе тудырмайтын) бұғаттамайды және жағымды және жылтыр өнімдерді бере алады. 

3.18-сурет Окклюзиялардың принципі.

Окклюзиялардың қосымша мысалдары өсімдік майлары, май қышқылдары, май спирттері, балауыздар мен 

холестериннен тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет