■
Ағын суларды тазартусыз кетіру
. Эмульсиялар олардың сыртқы фазасымен араластырылуы мүмкін;
алайда ішкі фазаның қосылуы тұрақсыздық пен фазалардың бөлінуіне әкеледі. Егер эмульсия М /
С типті және сумен сұйылтылған болса, ол тұрақты және диспергирленген болып қалады, себебі су
дисперсиялық орта болып табылады. Дегенмен, ол маймен сұйылтылса, эмульсия бөлінеді.
Әдетте тексерілетін
тиімділік (өнімділік) параметрлері
Ең жиі тестіленетін өнімділік параметрлері
өнімнің ылғалдандырушы әсері мен эстетикалық қасиеттерін қамтиды
.
Ылғалдандыру әсері
Бұрын талқыланғандай, тері ылғалдандырғыштарының негізгі мақсаты теріге ылғал
қосу, сондай-ақ терінің барьерлік қызметін және оның табиғи репаративтік процестерін сақтау, қалпына
келтіру және күшейту болып табылады. Косметикалық өнімді әзірлеу барысында өнімнің тиімділігін, яғни
ол теріні ылғалдайды ма, жоқ па екенін бағалау маңызды. Терінің барьерлік қызметін SC тұтастығы негізінде
объективті бағалаудың әртүрлі тәсілдері бар. Көбінесе инвазиялық емес әдістер клиникалық тестілеудің бөлігі
ретінде қолданылады. Cубъектті таңдау, оның тері қасиеттері, этникалық тиістілігі, жасы, жынысы, ауруы
және дәрі-дәрмектерді қабылдауы клиникалық зерттеу жүргізу кезінде ескерілуі қажет маңызды факторлар
болып табылады. Әдетте зерттеу үшін cубъекттерді объективті таңдауға көмектесетін қосу және алып тастау
188
критерийлері белгіленеді.
Әдетте, сарапшылар өлшеулерді кез келген ылғалдандыратын
Достарыңызбен бөлісу: |