Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Өсімдік сығындылары, антиоксиданттар, ақуыздар



Pdf көрінісі
бет411/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Өсімдік сығындылары, антиоксиданттар, ақуыздар 

мен  пептидтер,  ретиноидтар,  гидроксиқышқылдар  (ГҚр)  мен  күннен  қорғайтын  құралдар  тотығу 

реакцияларын  және  еркін  радикалдардың  түзілуін  болдырмайды,  эпидермисті  қайтадан  жабады 

және  коллаген  мен  эластиннің  табиғи  синтезіне  ықпал  етеді. 

Олардың  негізгі  сипаттамалары  мен  жиі 

қолданылатын мысалдар осында талқыланады. 

■ 

Өсімдік сығындылары 

бүгін өте танымал және олар жиі қартаюға қарсы құралдарында биологиялық 

белсенді  ингредиенттер  ретінде  пайдаланылады.  Өсімдік  сығындылары

 

–  бұл  әртүрлі,  жиі  көптеген 

әсерлері бар, соның ішінде тотығуға қарсы (кофе және анар сияқты),

19

 күннен қорғайтын әрекеті (қара 



шай  және  зәйтүн  сияқты),

20

 



тегістейтін,  тыныштандыратын,  қабынуға  қарсы  (түймедақ  және  түрлі 

саңырауқұлақтар  сияқты),

21

,

22

  ағартатын  (қаражидек  және  адамтамыр  сияқты),



23

  тартатын  (жалбыз 

және  гамамелис  сияқты)  және  жұмсартатын  (жожоба  және  кокос  сығындысы  сияқты)  әсері  бар 

табиғи ингредиенттер. Жиі өсімдік сығындылары



 

олардың жиынтық пайдасы үшін бір-бірімен бірге 

қолданылады.  Табиғи  өнімдер,  соның  ішінде  өсімдік  сығындылары,  бүгін  өте  танымал.  Дегенмен, 

осы  өнімдерге  қатысты  ескеретін  кейбір  фактілер  бар.  Жалпы,  өсімдік  сығындылары  синтетикалық 

өнімдерге қарағанда, олардың ингредиенттеріне қатысты көп вариация көрсетеді. Шөптер мен басқа да 

өсімдік компоненттерінің құрамдастары өсіру жағдайларын, климатты, ауа райын, өнімді жинау әдістерін 

және экстракциялау әдістерін қоса алғанда, көптеген факторларға аса байланысты. Өсімдік сығындылары 

жиі  өздерінің  терапиялық  ауқымынан  айтарлықтай  төмен  косметикалық  өнімдерде  өте  аз  мөлшерде 

қолданылады.  Кейбір  сығындылар  (жасыл  шайды  қоса  алғанда)  антиоксиданттық  және  қабынуға  қарсы 

қасиеттерінің арқасында жасарту үшін пайдалы болып табылатын терідегі механизмдерге әсер етуі мүмкін 

екендігі көрсетілгенімен, құрамында осындай сығындылары бар жергілікті қолдануға арналған клиникалық 

зерттеулердің шектеулі саны ғана бар. Осы себепті мұндай ингредиенттердің қартаюға қарсы қасиеттерді 

қамтамасыз етудегі нақты пайдасы әлі де шешілмеген мәселе болып табылады.   

■ 

Оксидантты стресс хронологиялық қартаюға да, фотоқартаюға да әкелетін биохимиялық реакциялардың 



іргетасы болып саналады.

24 


Адам терісі оксидантты стрестің теріс әсеріне қарсы әрекет ететін тиімді 

антиоксиданттық  жүйеге  ие.

25

  Алайда  созылмалы  немесе  күрделі  оксидантты  стресс  жағдайында  бұл 



эндогенді желі жеткіліксіз тиімді емес; демек, тіннің зақымдануы болуы мүмкін.

26

 Қартаюдың еркін радиалды 



теориясына сәйкес, оксидантты стресс есейе келе ұлғаяды және сонымен қатар эндогенді антиоксиданттық 

жүйе аз тиімдірек болады.

27 

Еркін радикалдар коллаген, эластин және гиалурон қышқылының ыдырауына 



ықпал етеді және қартаю белгілерін тудырады. Демек, терініантиоксиданттармен жабдықтау қартаюдың 

баяулауы  үшін  пайдалы  деп  саналады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет