Жергілікті күтім нұсқалары
Жергілікті терапияда әдетте бензоил пероксиді және салицил қышқылы сияқты
рецептісіз белсенді заттар, сондай-ақ рецепт босатылатын антибиотиктер мен ретиноидтар қолданылады. Рецептісіз
белсенді ингредиенттерді безеуді емдеу үшін жалпы қауіпсіз және тиімді деп танылған (ЖҚТДТ) ингредиенттер
санамаланған рецептісіз дәрілік заттар туралы фармакопеялық құжаттың тиісті бөлігінде табуға болады. Оларға
келесі ингредиенттер жатады:
■
Бензоил пероксиді
(
БПО)
: Бұл терідегі тығылған ұсақ тесіктердегі
оттегінің белсенді түрлерін өндіреде
отырып, бактерияларды өлтіре алатын антибиотикалық микробқа қарсы агент. Ол жасуша айналымын
арттырады, тері тесігін тазартады, теріні қабыршақтайды, сондай-ақ қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
БПО қабыну зақымдануының тез жақсаруына әкелуі мүмкін.
119
Бұл антибиотиктермен және / немесе
ретиноидтармен үйлескен жеңіл және орташа ауырлықтағы безеуді емдеу негізі. БПО кремдер, гельдер
және лосьондар сияқты жууды талап етпейтін өнімдерді, сондай-ақ бет жууға арналған құралдар
сияқты жуынуға арналған құралдарды қоса, әртүрлі формадағы 2,5 - 10% концентрациясында жергілікті
қолдануға арналған рецептісіз препараттар түрінде шығарылады. Оның негізгі жанама әсерлеріне
пилинг, құрғату, күйдіру және қызару жатады. Тітіркену әдетте емдеудің бірінші айы бойы пайдалануды
213
жалғастырғанда кетеді. Пациенттер БПО киімдерді, төсек-орын мен шашты ағартуы мүмкін екенін
ескеруі тиіс.
120
(а)
(ә)
(б)
(a)
(b)
(c)
3.22-сурет
Безеудің қабынған зақымдануы. (a) папула, (ә) пустула, және (б) нодула мен жылауық.
Достарыңызбен бөлісу: |