Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Ерін бояуға арналған өнімдерді қолдану тарихы



Pdf көрінісі
бет581/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Ерін бояуға арналған өнімдерді қолдану тарихы

Далап пайдалану тарихының басым бөлігі тарихтан бұрынғы замандарға жатады. Ежелгі Месопотамиядағы 

әйелдер  біздің  дәуірімізге  дейінгі  3000  жылда  еріндерін  бағалы  тастармен  және  қызыл  балшық,  темір  оксиді 

(тот)  немесе  тіпті  қына,  теңіз  балдырларының  йоды,  бром  маннит  (өте  уытты  зат)  сияқты  органикалық  емес 

ингредиенттермен бояған.  Клеопатра  ернін  бояу  үшін  ара  балауызы  негізінде  ұсақталған  құмырсқалар  мен 

карминді қолданған. Ежелгі мысырлықтар өсімдіктерден күлгін-қызыл түсті сұйықтықты сығып алатын, бұл 

ауыр науқастануға әкеп соқтыратын. Уақыт өте келе, бұл «өлімге апаратын сүйіс» деп аталған. Ерін далабы 

жалпы орта ғасырларда әйелдер арасында көп қолданылса да, ақсүйектер арасында оның қолданылуы төмендей 

бастады, өйткені ол тек төменгі таптағы әйелдер үшін жарамды болып саналып, кейбір діндерде оған тыйым 

салынған. Далапты әйелдер 16-ғасырда ғана қайта пайдалана бастады, бұл кезде І Елизавета пайтшайым бетіне 

өте бозғылт опа жағып, ерніне ашық қызыл түсті далап жағуды ұнататын.

Қазіргі  кезде  пайдаланылатын  далап  тарихы  киноиндустрия  ықпалымен  19-ғасырдан  басталады.  Бұл 

уақытта ерін далабы әлі түтікке қапталмайтын (оны реңтелген қағаз ретінде немесе қағаз түтіктерінде сататын). 

Шамамен 1915 жылдан бастап далап түрлі сығылатын түтіктер салынған металл контейнерлерде сатыла бастады. 

Бірінші  айналмалы  түтікше  1920  жылдары  Нэшвиллде,  Теннесси  Штаты,  патенттелген,  бұл  далап  жағуды 

жеңілдетеді. Ерінге арналған жылтырды алғаш рет 1930 жылдарда макияж әлемінің пионері болып саналатын 

Max Factor компаниясы ойлап тапты. 1940 жылдардың соңында химик-органик Бишоп мырза алғашқы ұзақ уақыт 

бойы ерінде қалатын және жойылмайтын далапты ұсынды.

Қазіргі уақытта, бүкіл әлем бойынша әйелдер ерін бояуға арналған өнімдерді өздерінің күнделікті өмірінің 

ажырамас бөлігі ретінде қолданады. Үздік технологиялар мен көп функциялы өнімдермен қатар көптеген әрі 

көлемі бойынша үздіксіз ұлғайып келе жатқан алуан түрлі реңктер, пішіндер мен хош иістерді байқай аламыз.



286



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   577   578   579   580   581   582   583   584   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет