Ерін бояуға арналған өнімдерді бағалау
Жалпы сыналатын сапа параметрлері
Ерінге күтім жасауға арналған өнімдер сапасын бағалау үшін
әдетте сыналатын параметрлерге сынуға төзімділігі, қаттылығы, балқу нүктесі, жібу нүктесі, түстер
сәйкестігі, түстер жарқындығы және жолақтылық,
өтемділігі мен тегістігі, мықтылығы, тұтқырлық
пен рН көрсеткіші жатады
.
Қабылдау аясы мен өзге де шектеуші факторларды өндірушілер жеке өздері
белгілейді. Алдыңғы бөлімдерде талқыланған тестілер бұл жерде қарастырылмайды.
Сынуға төзімділік
Далаптың маңызды ерекшелігі – оны жаққан кезде, ол бүгілмеуі, үгілмеуі, жарылмауы
немесе сынбауы тиіс. Сындыру сынағы далап таяқшасына қолданған кезде бүгу әсерін қөзгалатын жартылай
сфералық жүзбен жүргізіледі (4.7-суретті қараңыз). Далап әдетте көлденең немесе 45
∘
бұрышымен ұяшыққа
орнатылады. Жүздің салмағы біртіндеп белгілі бір интервалмен белгілі бір мәнге көбейтіліп тұрады, далап
таяқшасы сынатын кездегі салмақ сыну нүктесі болып саналады.
Түстер сәйкестігі
Түстер сәйкестігі деген – бұл араластырылған пигменттер мен дайын өнім бұрын
бекітілген стандартты түспен
4.7-сурет
Далаптың сынуға төзімділігін тестілеу.
«Texture Technologies Corp.»
арқылы бейімделген.
салыстырылатын процессis. Компания далапты шығарған кезде, түстің дәл сол реңкін өндіруі тиіс. Сынақты көзбен
шолып немесе реңк бойынша сандық ақпаратты қамтамасыз ететін спектрофотометрлерді пайдалана отырып
жасауға болады, егер бұл көзбен шолып жасалған болса, тестілеу ортасы және жарықтандыру стандартты
болуы тиіс, өйткені көптеген жасанды жарық көздері көрінетін түсті бұрмалауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |