Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет628/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

4.9-сурет

Адам көзінің құрылымы.

байлаынсты  болуы  мүмкін.    Қазіргі  уақытта  көз  бояуға  арналған  құралдар  бет  косметикасының  соңғы 

өнімдеріне айналып, кеңінен таралып, көпшілік сатып алатын тауарлар арасынан орын алды. Көне Мысырда 

көз  бояуға  арналған  құралдар  маңызды  косметикалық  өнім  болған.  Олар  кірпіктерді,  қастар  мен  қабақты 

сүрлеу үшін негізінен, бәлкім, галенит, қорғасын, мыс, күйдірілген бадам, охра, ұсақталған сүрме, күл, малахит 

және көмір немесе күйеден жасалған болатын қара және жасыл түсті бояуларды қолданған. Сыртқы түрін 

жақсартумен бірге сүрме көз инфекцияларының алдын алу үшін пайдалы деп саналған; ол діни мақсатта және 

жарқын күннен қорғау ретінде қолданылған.

7

 



Көне Грецияда беделді әйелдерге косметиканы пайдалануға тыйым салынатын, ал көз макияжын әсіресе 

жағымсыз  деп  есептеген.  Римдіктер  гректерге  қарағанда  косметиканы  пайдалануға  қатысты  либералды 

болатын, оларда көз бояуға рұқсат етілген. Ирак халқы көз қабағын бояу біреудің жаман көзінен сақтайды деп 

сенген. Сүрме Үндістанда тіпті қола заманында да үстіңгі және астыңғы қабақтарды бояу үшін қолданылған. 

Оны сәбилер мен ересектерді «көз тиюден» сақтау және көз терісіні қатты күн көзінен қорғау үшін пайдаланған. 

Үндістанмен бірге сүрме Солтүстік Африка мен Мароккода қолданылған.

Ерінге арналған косметика сияқты көз макияжы орта ғасырларда Еуропа елдерінде көп қолданылмаған. 

Тіпті Елизавета кезіндегі Англияда да көзді бояу сән деп есептелмеген. Италия мен Францияда көз бояу әдісі 

күрделі  болып,  жан-жақты  ойластырылған  болатын.  Макияж  тарихындағы  нағыз  эволюция  20  ғасырдың 

басында басталды. Сол уақытта косметиканы пайдалануды нәпсіқұмарлыққа байланыстырмаған еді; алайда, 

ең бастысы, бай адамдардың косметиканы пайдалануға мүмкіндіктері болған. Кедей әйелдер бет бояу үшін өз 

косметикасын жасауға үйренген.

Ерте кезде қазіргі заманның тушы престелген брикет ретінде шығарылатын. Осындай қатты тушьты алғаш 

рет  Maybelline  компаниясы  1917  жылы  жасап  шығарған.

8

  Ол  престелген  брикет  түрінде  болып,  кірпікке 




305

сулы щеткамен жағылатын. Осының бір нұсқасы крем түріндегі тушь болған, бұл түтікке қапталған олсьон 

сияқты зат болатын. Оны қолдану үшін пайдаланушы түтіктен тушты кішкентай щеткаға аз мөлшерде сығып 

шығаратын. Бұл көп машақат тудыратын процесс болып, 1960 жылдары тушьқа арналған аппликаторды ойлап 

тапқан соң ғана жеңілдеді.

Алғашқы қабақ бояуы және қас косметикасы 1930-шы жылдардың басында жасалды, алайда, олар тек 1960-

шы жылдары танымал болды. 1970 жылдары су өткізбейтін тушь алғаш рет сатылып, әдеттегіге қарағанда 

кеңінен  таралды.  Соңғы  40  жылдың  ішінде  түстердің,  сондай-ақ  полимерлердің  түрлері  мен  қасиеттерін 

жетілдіру нәтижесінде бұрынғыдан мықты әрі тартымды көзге арналған косметика пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет