Қауіпсіздік мәселелері
6
Көзге арналған косметика адам ағзасына аса қауіпті деп саналды, өйткені
ол көз бен көздің мүйізгек қабығына тікелей байланыста болады.
Бірқатар косметикалық өнімдердің
микробиологиялық ластануы орын алуы мүмкін, сондықтан барлық косметиканы микробиологиялық
бұзылудан тиісті түрде сақталуы керек. Бұл әсіресе ластанған өнімді пайдалану көздің ауыр қабынуына,
инфекцияларға және күрделі асқынуларға әкеп соқтыратын көзге арналған косметикаға қатысты дұрыс болады.
1930 жылдардың басында нарықта сынақтан өтпеген көзге арналған косметика пайда болды. Бұл көптеген
аллергиялық реакциялар, тіпті адамдардың соқыр болып алуы үшін негіз тудырды.
25
Бұл АҚШ-та көптеген
жағдайлардың бірі болып, осынң нәтижесінде FDA косметика өндірісін бақылауға алды. Нақты алғанда көзге
арналған косметикаға пайдалануға болатын бояғыштар тізімі шығарылды.
26
Сондықтан көз тітіркенуін тестілеу аллергия немесе тұтынушылардың басқа тітіркенуін тудырмайтынына
көз жеткізу үшін көзге арналған косметикалық құралдар үшін аса маңызды болады. Америкалық ғалым Дрейз
1944 жылы түрлі химиялық заттардан туындайтын көздің тітіркенуін бағалау үшін әзірлеген тест қазіргі
күнге дейін пайдаланылады.
27
Бұл сынақ барысында химиялық затты бір көзге орналастырады, ал екінші
көз бақыланады. Көзді 1 сағаттан кейін, содан кейін 24 сағат аралықпен 14 күн ішінде бағалайды. Кейде
көздер 3 апта және одан да көп уақыт бойы бақыланады. Көздің тітіркену деңгейі көздің үш негізгі тіндерін
(мүйізгек қабығы, конъюнктивасы және көздің шатырша қабығы) бақылау арқылы сандық бағаланады. Бұл
әдіс тәжірибе жүзінде сенімсіз, субъективті және жануарлар үшін қатыгез деп бірнеше рет сынға ұшыраған.
Жануарларға қатысты болмайтын екі балама, яғни ірі қара мал мүйізгек қабығының мөлдір болмауы мен
өткізгіштігін анықтау әдісі және оқшауланған тауық көзін сынау әдісі жануарларда өткізілген сынақтарды
ішінара ауыстыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, алайда, осы тестілердің бірде-бірі Дрейз тестін толық
ауыстыру үшін ғылыми қауымдастықта қабылданбады.
28
Оларды қауіпті сәйкестендіру процесінде пайдалануға
болады және олар көз тітіркендіргіштерін жоюға мүмкіндік береді, бірақ шамалы тітіркендіргіштерді анықтай
алмайды. Сондықтан тірі жануарлар теріс нәтижелерді растау үшін әлі де пайдаланылуы тиіс. Бірнеше тест,
оның ішінде адамның қайта жаңартылған тіндерінің моделі қазіргі уақытта бағалау және растау сатысында.
Достарыңызбен бөлісу: |