микробиологиялық ластану, әдетте, оларда болмайды. Бірақ крахмалдар сияқты кейбір ингредиенттер,
өкінішке орай, микробтардың көбеюі үшін тамаша орта болып табылады. Осылайша консерванттар
328
•
Жиі бетке арналған опада консервант ретінде феноксиэтанол қолданылады.
■
Антиоксиданттар
Антиоксиданттарды пайдалану, сондай-ақ кейбір ингредиенттерді бұзылудан және,
соның салдарынан ақау татуынан қорғау үшін қажет болуы мүмкін.
ВНА, ВНТ немесе Е дәруменінің
төмен деңгейлері қажет болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
■
Қосымша ингредиенттер
Соныемн бірге бет опаларына хош иістер енгізілуі мүмкін. Абсорбенттер
оларды өнімдердегі басқа ингредиенттермен араластырудың алдында осы ингредиенттерді сіңіп үшін
пайдаланылуы мүмкін. Нейлон, полиэтилен, полипропилен, кварц шарлары, силикон ұнтақтары,
тефлон, микрокристалды целлюлоза және акрилатты сополимерлер сияқты полимерлер бет опаларында
текстура күшейткіштер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Олар басқа ингредиенттерге біркелкі араласуға
көмектесе алады, қосымша сырғуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жағылып қалуға төзімділікті және
майларға төзімділікті арттырады.
Бетке арналған ұнтақты өнімдердің жасалуы
Бетке арналған ұнтақты өнімдерді өндіру процесі қабаққа
арналған ұнтақты бояулардың жасалуымен бірдей. Негізгі кезеңдер: бояғыштардың таралуын кеңейту,
негізгі ұнтақты дайындау, араластыру, үгіту және толтыру, ал егер бұл сығымдалған ұнтақ болса, соңғы кезең
сығымдау болып табылады. Тағы да, екі маңызды сәт – бөлшектердің мөлшері мен ұнтақ қоспасында қалатын
ауа.
Достарыңызбен бөлісу: