Қауіп тудыратын ингредиенттер
8
Бетке арналған косметикаға қатысты қауіп тудыратын негізгі
ингредиент тальк болып табылады.
Оның қауіпсіздігі туралы қорытындылар мен ағымдағы мәлімдемелер
осында келтірілген.
Тальк
Ғылыми әдебиет бойынша 1960 жылдарда тальк обыр тудыруы мүмкін деп есептелді. Тальк – табиғи
минерал; химиялық жағынан бұл магнийдің су силикаты. Тальктің көптеген сорттары бар, олардың әрқайсысы
тазалық деңгейіне қарай жіктеледі. Осы тазалық шкаласының ең жоғарғы бөлігінде – косметикалық сападағы
тальк. Тек сапасы мен тазалығының жоғары деңгейіне сәйкес келетін талькты косметикада қолдануға
рұқсат етілген. Атап өту керек, бұл құрамында жиі қоспалар болатын өнеркәсіптік тальк емес. Қауіпсіздік
проблемаларының көпшілігін тудырған негізгі қоспа асбест болып табылады. Бұл да табиғи силикат минералы
болып табылады, бірақ кристалды құрылымы өзгеше болады. Алайда, талькқа қарағанда, асбесттің канцероген
болуы мәлім. Осы себепті FDA косметикалық талькты асбестпен ластануға мүлдем ластануға болмайды деп
санайды.
19
Косметикалық ингредиент ретінде талькты пайдалану және оның қауіпсіздігі бұрын талай бағаланған.
Міне, бірнеше негізгі сәт:
■
1994 жылы FDA және халықаралық реттеуші токсикология және фармакология қоғамы (ISRTP) тальк
қауіпсіздігі туралы барлық мәліметтерді қарастыру үшін ашық семинар өткізді. Олар косметикалық
тальктың қалыпты қолданылуына байланысты денсаулыққа ешқандай қауіп жоқ деген қорытынды
шығарды.
20,21
■
2000 жылғы шолуда минералды табиғатқа және тальктың әсер ету салдарларына қатысты елеулі
шатастыруды анықталғаннан кейін, 2004 жылы АҚШ-тағы Ұлттық токсикологиялық бағдарлама (NTP)
талькты канцерогендік заттар туралы өз баяндамасына қосу туралы мәселені қарастырды. Алайда
2005 жылғы қазанда NTP қолда бар ғылыми деректер талькты обыр ауруын тудыратын агент ретінде
сәйкестендіру үшін жеткіліксіз екенін және оны қарау процесінен алып тастағанын мәлімдеді.
22
■
Тальктағы асбест болуының ықтималдығына қатысты қауіпсіздік мәселелері кейде көтерілетіндіктен,
FDA 2009-2010 жылдары тальктың косметикалық түріне, сондай-ақ сол кезде сатылатын құрамында
тальк бар
кейбір косметикалық өнімдерге алдын ала зерттеу жүргізді. Олар тальктыің 4 косметикалық
сортын және құрамында тальк бар 34 косметикалық өнімді талдады. Зерттеу құрамында тальк бар
косметикалық шикізаттан немесе косметикалық өнімдерден жасалған тальк үлгілерінің бірде біреуінде
асбест талшықтарын немесе құрылымдарын анықтамады.
21
■
CIR сарапшылар тобы 2013 жылғы сәуірде косметикада қолданылатын тальк қауіпсіздігін бағалау туралы
өз есебін жариялады. Ол қазіргі пайдалану тәжірибесінде және көлемінде қауіпсіз деген қорытындыға
келді; тальк 100%-ға дейін косметикада қолданылады.
23
Достарыңызбен бөлісу: |