Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет707/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Адамның  тырнақ  блогы  тырнақ  пластинасынан,  тырнақ  матрицасынан,  тырнақ  терісінен,  тырнақ 

қалағынан,

 

кутикуладан және гипохинийден тұрады. 



2. 

Тырнақты күту құралдарының көпшілігі АҚШ-та косметикалық құралдар санатына жатады.

3. 

Тырнақты  күтуге  арналған  функционалдық  құралдар  тырнақтың  қаттылығын  сақтауға  көмектеседі. 



Оларды әйелдер де, еркектер де пайдалана алады, өйткені бұл өнімдер тырнақ пластинасында жылтыр 

пленканы  міндетті  түрде  қалдырмайды.  Бұл  санатқа  сондай-ақ  кутикуланы  алып  тастауға  арналған 

химиялық заттар кіреді.

4. 


Сәндік күтім құралдары тырнақтың сыртқы түрін жақсартатын түрлі-түсті құрамдарды қамтиды. Бұл 

санат тырнақ бояуға арналған лактардың және жасанды тырнақтардың түрлерін қамтиды

5. 

Лакты кетіруге арналған құралдар шайырды қайта еріту жолымен лакты алып тастайды.



6. 

Тырнаққа күтім жасауға арналған өнімдердің сапасына байланысты әдеттегі проблемалар көпіршіктердің, 

жарылған жерлерінің, сынықтардың және түйіршіктердің пайда болуын қамтиды.

7. 


Жалпы тырнаққа күтім жасау құралдарының сапасын бағалау үшін тексерілетін параметрлер үйкеліп 

қалуға төзімділікті, жылтырлықты, пленканың икемділігі мен қаттылығын, кебу уақытын, адгезияны 

сынауды,  қызқаламмен  жағылу  қабілетін,  түстерді,  пигменттердің  дисперсиясын  және  тұтқырлықты 

қамтиды.


8. 

Тырнаққа  күтім  жасауға  арналған  өнімдердің  қауіпсіздігіне  қатысты  қауіп  тудыратын  негізгі 

ингредиенттер толуол, фталат және метиленгликоль болып табылады.

Кіріспе

Тырнаққа  арналған  косметика  бояғыш  косметиканың  маңызды  сегментін  ұсынады.  Оларды  көбінесе 

әйелдер пайдаланады; алайда ерлер маникюр нарығы да тез өсіп келеді.

Тырнаққа күтім жасау денеге қалыпты күтім жасаудың маңызды сегментіне айналады, өйткені эстетикалық 

жағымды сау тырнақтар адам денсаулығының жалпы жағдайын көрсетеді, және кейбір дәрежеде, тырнақтардың 

түрі де адамның әлеуметтік мәртебесін көрсетуі мүмкін.

Бұл  бөлімде  адам  тырнағының  негізгі  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері  қарастырылады. 

Сонымен қатар, мұнда тырнаққа жағылатын түрлі өнімдерге, олардың қарапайым ингредиенттеріне, жасалу 

технологиясына, сынау әдістеріне және буып-түю материалдарына шолу жасалған. Сонымен бірге бөлімде 

бұл өнімдердің тырнаққа әсер етуі және тұтынушылардың жалпы талаптары қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   703   704   705   706   707   708   709   710   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет