Тырнақ ылғалдатқыш
Тырнаққа арналған ылғалдатқыш құралдарды пайдалану мақсаты тырнақ
пластинасына ылғал қосу болып табылады. Олар сондай-ақ тырнақтары сынғыш болатын пациенттерге
көмектесе алады. Тырнаққа арналған ылғалдағыштар әдетте крем немесе лосьон түрінде шығарылады. Олар,
окклюзивті, жұмсартқыш және ылғалдатқыш заттарды қоса алғанда, түрлі ылғалдатқыш ингредиенттерді
қамтиды, бұған ақуызды да қосуға болады. Сонымен қатар, тырнақтың суды байланыстыру қабілетін
арттыратын ингредиенттер қосылуы мүмкін және мұндай ингредиенттердің мысалдары несепнәр мен сүт
қышқылын қамтиды.
Жергілікті желатин, B12 дәрумені, кальций және өсімдік сығындылары тырнақтардың сусыздануын
емдеудегі тиімді екенін ғылыми дәлелдемелер жоқ. Биотин пероральді қабылдаған кезде тырнақтары сынғыш
болатын пациенттерге пайдалы екені көрсетілді.
30
Дегенмен, жергілікті қолданылған биотиннің бірдей
әсерінің болуы жөнінде туралы деректер жоқ. Сондай-ақ, ауызша қабылданған силикон сынғыш тырнақтарды
емдеуде пайдалы болуы мүмкін
31
. Тырнақ ылғалдатқышты мақта-мата қолғаптарының астына немесе басқа да
қорғаныс және окклюзивті құралдардың астына әдетте түнде қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |