■
Катаген
фазасы өсу фазасының аяқталуын белгілеп, өсу фазалары мен қалған фазалар арасындағы
қысқамерзімдік өткел фазасы болып табылады. Бас терісінде катаген фазасы әдетте 2 – 3 аптаға дейін
созылады. Осы фаза болған кезде жасушаның бөлінуі тоқтатылады, фолликулдың түтігі сығылады және
тері бүртіктерінен үзіледі, ал фолликулдың негізі тері бетіне қарай жоғары жылжиды. Осы кезеңде
меланин шығарылуы тоқтатылады, осыған байланысты шаштың төменгі жағында (ол түсіп кеткенше
бас терісінің астында болады) пигментация жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |