■
Ұзын (терминалды) шаш
пигменттелген, көлденең қимасының диаметрі үлкендеу және басқа шаш
талшықтарымен салыстырғанда ұзынырақ болады. Терминалды шаш бас терісінде, кеудеде (көбінесе
еркектерде), аяқ пен қолда, қолтық астында және қасағада орналасады, сондай-ақ арқада болуы мүмкін.
Терминалды шаштың көлемі мен пішіні денеде орналасқан жеріне және қызметіне қарай өзгереді.
Мысалы, бас терісіндегі терминалды шаш ультракүлгін сәуледен қорғауда маңызды рөл атқарады және
суықтан сақтайды, ал кірпіктер көзді шаңнан қорғайды.
Кейбір шаш фолликулдары әртүрлі уақытта бір санаттан басқа санатқа ауысуға қабілетті.
1
Мысалы, әдетте
терминалды шашты шығаратын ересек адамның бас терісіндегі шаш фолликулдары біртіндеп түрленіп,
үлбір шашқа айналуы мүмкін. Осы процесс қасқабас болуға әкеп соқтырады. Сондай-ақ, ерлер сақалындағы
шаш фолликулдары жыныстық жетілуге дейін
тек үлбір шашты шығарады, одан кейін терминалды шашты
шығаруға қабілетті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |