Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет894/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   890   891   892   893   894   895   896   897   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Шашты ағартқыштар

 химиялық реакция арқылы шаштың түсін жояды. Оларды жеке өздерін немесе 

тұрақты шаш бояуларымен бірге қолдануға болады.

Шашты  бояуға  арналған  барлық  құралдар  АҚШ-та  косметика  болып  саналады,  өйткені  олар  шаштың 

сыртқы түрін жақсарту үшін қолданылады, бұл косметикалық артықшылыққа жатады.

Шашты бояуға арналған өнімдерді пайдалану тарихы

Шаш түсіне сән және белгілі бір реңктерді таңдау бүкіл тарих бойы өзгеріп келеді. Мыңдаған жылдар бойы 

адамдар шаш түсін өзгерту үшін түрлі заттарды пайдаланған. Табиғи реңктер мен шаш түстерінің алуан түрі 

бар болса да, адамдар ежелгі уақытта да шаштың табиғи түсін жақсартуға немесе өзгертуге тырысқан. Ең 

алғашқы  бояғыштар  түймедақ,  индиго,  сандал  ағашы,  қына  және  жаңғақ  қабығының  сығындысы  сияқты 

жемістер, гүлдер мен көкөністерді қоса алғанда өсімдік өнімдерінен жасалған.

7

Ежелгі Месопотамия мен Персиядағы адамдар әдетте ұзын болған шаштарын бояған. Ежелгі мысырлықтар 



шашты қызыл реңк берген қынаны артық көретін немесе шаш түсін өзгерту үшін париктер киген.

7

 Кейінірек 



ежелгі Грецияда әйелдер ашық реңктерге қол жеткізу үшін шаштарын калий суы мен сары түсті сұйықтықты 

пайдаланып бояған немесе шаштарына гүлдердің сары тозаңын, ұнды, тіпті алтын ұнтағын да жағып жүрген.

8

 

Римдіктер қара шашты артық көрген. Олар әдетте шаштары ағара бастаған кезде шаштарын бояйтын. Ерет 



замандағы басқа қауымдар қызыл, жасыл, сарғылт немесе көк сияқты әдеттен тыс түстерді ұнататын, бұл 

әсіресесакстар арасында көп қолданылатын. 8-13 ғасырлар аралығында ашық түсті шаш әйелдер арасында өте 

танымал болатын. Кейбіреулер шаштарын гүл, жұмыртқа, запырангүл және басқа да ингредиенттер қоспасымен 

ағартуға тырысқан. Мыстай қызыл түсті 16 ғасырда Италияда көп қолданған, бұл шашқа каустикалық сода 

жағып, оны күн сәулесі астына кептіріп қол жеткізілетін.

7

 Сол ғасырда Англияда Елизавета патшайымы табиғи 



қызыл  түсті  халық  арасында  танытты.  Әйелдер  осы  түстің  қайталануы  үшін  шафран  мен  күкірт  ұнтағын 


425

пайдаланды, бұл бас ауруы мен мұрыннан қан кетуді қоса алғанда, көптеген жанама әсерлерді тудырды.

7

17-ші ғасырда адамдар шашты бірте-бірте қара түске айналдыратын қорғасын тарақтарын пайдаланған. 



Сол  уақытта  олар  қорғасынның  қаншалықты  улы  екенін  түсінбеген.  19-шы  ғасырдың  соңында  лондондық 

химик Э.Х. Тиллай және Париж шаштаразы Л. Хьюго сутегінің асқын тотығы шашты сары қалдыра отырып, 

шаш пигментін жоятынын анықтады. Бұл бұрын қолданылған сілтілі ерітінділерге қарағанда шашты ағартудың 

ең  жақсы  жолын  қамтамасыз  етті.  Олар  ашқан  жаңалық  кеңінен  таратылып,  әлі  күнге  дейін  ағартқыш 

препараттардың негізі болып қалуда.

9

Шашты бояудың барлық индустриясы 19-шы ғасырдың ортасында Францияда басталды, бұл кезде Хоффман 



пара

филендиамин (ПФД) тотыққан кезде қоңыр-қара бояу беретінін байқады. Бұл ПФД әлі күнге дейін басым 

болатын синтетикалық шаш бояулары индустриясының пайда болуына негіз тудырды. Шашты бояуға арналған 

алғашқы өнімді 20-шы ғасырдың басында француз химигі және  «L'Oréal» 

компаниясының негізін қалаушы 

Эжень Шуеллер сатылымға шығарды.10 1920-шы жылдардан кейін шашқа арналған тотықтырғыш бояулар 

айтарлықтай  жақсарды, 

ал  шашты  бояу  өнімдерін  пайдалану  айтарлықтай  өсті.  «Clairol»,  АҚШ-та  шашқа 

арналған бояуды шығаратын жетекші компаниялардың бірі, 1930-шы жылдары салондар үшін өзінің алғашқы 

бояуларын шығарды.

11 

Бастапқыда шашты бояу кәсіби салондарда жүргізілді; алайда 20-ғасырдың ортасында 



шаш бояуға арналған құралдар үйде пайдалануға да қолжетімді болды. Қазіргі кезде тұтынушылар уақытша 

немесе тұрақты нәтиже беретін көптеген өнімдерден таңдай алады. 1960 жылға дейін әйелдердің 7%-ы ғана 

шашын бояған, ал қазір олардың саны 75%-ға жуық.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   890   891   892   893   894   895   896   897   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет