Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Түкті жоюға арналған өнімдерді пайдалану тарихы



Pdf көрінісі
бет993/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   989   990   991   992   993   994   995   996   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Түкті жоюға арналған өнімдерді пайдалану тарихы 

Дененің түрлі бөліктеріндегі түкті жою мыңдаған жылдар бойы әдеміліктің маңызды бөлігі болды. Тарихқа 

дейінгі тастағы суреттер мен археологиялық олжалар адамдар бақалшақ, кремнийлі балта, жанартау шынысы, 

тіпті аңның үшкірленген тісі сияқты әртүрлі құралдар көмегімен б. э. д. 30 000 жыл бұрын да қырынғандарын 

көрсетті.

8

 Беттегі түк бүкіл тарих бойы сән үлгісі болған. Ежелгі Мысырда беттің тегіс болуы мәртебе символы 



болып саналған. Абразивті заттар немесе үйкеу әдісі қажетсіз түкті жою үшін бұрыннан бері қолданылады. 

Ежелгі Үндістан, Рим және Мысыр әйелдері мен ерлері де осы мақсатта пемзаны қолданған. Сонымен қатар 

бұл  мәдениеттерде  темірден,  қоладан  немесе  алтыннан  жасалған  алғашқы  ұстараларды  қолдана  бастаған. 

Бұлар бір ғана жүзі бар ұстаралар болған. Ол уақытта қыру қызметін шаштараздарда арнайы оқытылған шаш 

қиюшылар атқарған. Олар сабын мен суды пайдаланып қыру алдында теріге жағылатын көбік жасаған. Түкті 

жою үшін шугаринг те жиі қолданылған. Ежелгі мәдениетте, әйелдер аяқтағы түкті жоюға ара балауызын 

немесе сілтіден жасалған крем депиляторларды қолданған. Әйелдер сондай-ақ, ұстараларды, қысқыштарды 

және пемзаларды қолданған.

Ежелгі  Мысырлықтар,  ертедегі  Орта  Шығыс  және  Азия  мәдениетінде  түкті  жіппен  жұлу  әдісі 

пайдаланылған. Бұл қажетсіз түкті жіпке бұрап алу арқылы түбірімен жұлу процесі.

9

 Бұл әдіс қазіргі кезде 



кейбір елдерде кеңінен қолданыла бастады. Қырыну Орта ғасырда көбінесе Еуропа елдерінде қолданылды. 

Әйелдер  арасында  дене  түгін  түгелдей  жою  сәнге  айналды.  Тіпті  көлемді  көрнекі  париктер  мен  сәнді  бас 

киімдер кию үшін шаштарында қырыққан. Қастарын, шашын және мойындарындағы түкті күнделікті дерлік 

жұлып және қырқып отырған

Орталық және Солтүстік Америкадағы ацтектер өткір және тиімді, бірақ кейде сынғыш болатын жанартау 

обсидиан шынысынан жасалған ұстараларды қолданған.

8

Ертедегі  ұстара  түрлері  қырыну  кезінде  теріні  көп  жаралаған  және  ықтимал  қауіпті  болған,  сондықтан 



ұстараның дизайнын жақсартуға көп талпыныс жасаған. Ағаш қорғағышы бар алғашқы «L» пішінді ұстара 

жүзін 1760 жылы француз шаштаразы ойлап тапты.

10

 Оған Перре ұстарасы деген атау берілді. Бұл модель теріні 



терең кесуге жол бермейтін, бірақ ол ыңғайсыз болды, себебі оның жүзін қайрау үшін қорғағышын алу керек 

болатын. Бірақ мәселенің шешімін 19-шы ғасырдың аяғында АҚШ-та ағайынды Кампфтар ойлап тапты. Олар 

ең алғаш қауіпсіз ұстараны ойлап тапты.

8

 Ол сол кезде танымал болған «T» пішінді құрал болатын; алайда оны 



да әр қырыну алдында егеу керек еді. Қырынуға арналған керек-жарақтардың жетілдірілуімен қатар қырыну 

өнімдері де жетілдірілді. 1800 жылдың басында ыдысқа салынып, үстіне су құю арқылы пайдаланылатын 

арнайы сабын ойлап шығарылды. Сабынды көпіртіп, оны бетке жағу үшін щетка қолданылды.

8

Кинг Жилетт 20-шы ғасырдың басында алғаш қауіпсіз, екі жақты, ауыстырылатын алынбалы жүздері бар 



ұстараны ойлап тапты. Осы революциялық жаңалық түкті жою индустриясын өзгертті. Бірінші дүниежүзілік 

соғысқа қарай бұл жаңалық кең таралды; АҚШ үкіметі оны армиясына жеткізуіге келісімшартқа отырды.

8

 

Қырыну  әйелдер  мен  ерлер  арасында  кеңінен  қолданылды.  Кейінірек  ұстараларды  жетілдіру  жаңа  жүз 



материалдарын қамтыды, мысалы, жүздің коррозияға ұшырауына жол бермей, қызмет ету мерзімін арттыратын 

тот баспайтын болат. 20-шы ғасырда түкті жоюдағы тағы бір үлкен жетістік – электр ұстараның, тиогликолят 

депиляторлардың және алғаш ыдыстағы аэрозольдік қырынуға арналған кремдердің ойлап табылуы болды. 

Ол  аз  уақыт  ішінде  танымал  қырыну  креміне  айналды,  себебі  оған  щетка  қажет  емес  болды.  Алайда, 

1980 жылдары ластағыш зат ретінде аэрозольге қатысты алғаш алаңдаушылықтар пайда болды және оның 

нәтижесінде қырыну сабындары мен қолмен жағылатын кремдер аздап қайта қолданылады бастады.

Сол уақыттан бері қазірге дейін жүзі бар құралдар технологиясы қарыштап жетілдірілді. Gillette (Джиллетт) 

бренді  ыңғайлы  әрі  қауіпсіз  қыруды  қамтамасыз  ететін  өзінің  бес  жүзді  ұстарасын  ұсынды,  қазіргі  кезде 

нарықта оның алуан түрлі қырыну құралдары, қырынуға дейін және одан кейін қолданылатын өнімдерін алуға 

болады.



470



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   989   990   991   992   993   994   995   996   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет