•
Жіппен жұлу
– бұл, ұзын бұратылған жіпті тері бетімен жылдам бұрап жүргізу арқылы қолмен
орындалатын ежелгі техника. Түктер қанттан жасалған өнімге тығыз жабысып жұлынып алынады.
Бұл әдіс көптеген араб елдерінде кең таралған.
•
Эпилятор
– бұл түкті механикалық ұстап жұлатын электр құрылғысы.
•
Эфлорнитин
– әйелдерде түкті уақытша азайтуға арналған жаңа әдіс. Оны тек рецепт арқылы
сатып алуға болатын және АҚШ-тың, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектері сапасын санитарлық
қадағалау басқармасы (FDA) әйелдердің бетіндегі түкті азайту үшін мақұлдаған локальды қолдануға
арналған крем.
11
Бұл түкті жоятын немесе депиляция жасайтын өнім емес, түктің өсу жылдамдығын
төмендететін локальды сыртқа қолданылатын крем.
12
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Қырыну түктің тез әрі қайратты болып өсуіне әкеледі деген кең таралған
пікір бар. Дегенмен бұл олай емес. Клиникалық зерттеулер қырыну түктің
өсуіне, қалыңдығына немесе қайта өсу жылдамдығына әсер етпейтінін
көрсетті.
Алайда түкті қырғаннан кейін қайта өсіп шыққан түктік ұштары
өзгереді, сондықтан оның сезілуі басқаша болады. Қырылған түктің ұшы
қырылмаған түктің сүйірленген ұшына қарағанда қиылған болғандықтан
қатты болып сезіледі. Түкті қыру теріде тереңде жатқан тірі бөлігін емес
оның тек жоғарғы бетін ғана алады, сондықтан ол түктің өсу жылдамдығы
мен түріне әсер ете алмайды.
13
Түкті ұзақ уақытқа жою техникасында процедурадан кейін ұзын түк саны айтарлықтай азаяды және түк
жойылған бөлікте түк түйіншелерінің толық өсу циклінен ұзағырақ уақытқа дейін түк болмайды. Түкті ұзақ
уақытқа жою әдістері лазерді және импульсті жарық терапиясын және электролизді қолдануды қамтиды Түкті
ұзақ уақытқа жою қажетсіз түкті жоюда қызықтырарлық және тиімді болып көрінгенімен, оның жағымсыз
салдарының да бар екенін есте сақтау керек. Түкті ұзақ уақытқа жою әдісін қолданбас бұрын, адам өзінің
терісін тексеру және басқа балама әдістерді қолдану мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |