Түкті қыру алдында дайындау.
Қырыну алдында қолданылатын өнімдер көбінесе құрғақ (электрлік)
қырыну кезінде қолданылады, бірақ ұстарамен қырынуда да қолданылатын өнімдер болады. Екі қырыну
түріне де қолданылатын өнімдер қырыну неғұрлым жеңіл, жылдам, ыңғайлы болу үшін және терінің тітіркенуін
азайтуға арналған.
Құрғақ қырыну түктер құрғақ әрі қатты болғанда тиімдірек болады деп есептеледі. Сондықтан электрлік
қырыну алдында қолдануға арналған өнімдер тері мен түкті кептіруге және қатайтуға, сондай-ақ түкті
тікірейтуге бағытталған. Қолданылатын өнімдердің антисептикалық та әсері болуы мүмкін, сонымен қатар
теріні тазалап, терді кетіріп, терідегі пораларды кішірейтуі мүмкін. Өнім тальк сияқты майлағыш қатты заттар
негізіндегі ұнтақ пен тығыздалған ұнтақ таяқшалар және негізінен спирттер, гамамелис, мырыш оксиді,
мырыш фенолсульфонаты, алюминий хлоргидраты сияқты тұтқырлағыш заттары бар лосьондар түрінде
болады. Диизопропил адипат немесе изопропил пальмитат, силикон майы сияқты жұмсартатын заттар және
поливинил пирролидон сияқты жұмсартатын полимерлерді де аз мөлшерде ұстара жүзі мен тері арасындағы
үйкелісті азайту үшін қолдануға болады.
Бұған дейін айтылғандай сақал түгін қыруға көбірек күш жұмсау қажет. Қыру үшін көбірек күш түсірген
сайын, теріні сызып кеті, кесіп кету және терінің тітіркену қаупі де артады. Ылғалды қырыну алдында
қолданылатын өнімдер теріні майлап және ылғалдандырып, қырыну барысында терінің зақымдануынан
қорғайды. Ылғалды қырыну алдында тері мен түкті сабындап жылы сумен жууға кеңес беріледі. Сабын кір
мен бактериялардан тазартады
және түкті майсыздандырады, соған сәйкес түк ылғалды жақсы сіңіріп, ісінеді
және жұмсарады. Осылайша түк оңай қырылып, теріні зақымдаудан қорғайды. Терідегі кір мен корнеоциттерді
кетіру үшін скрабтарды да қолдануға болады, олар да түктің теріден көтерілуіне көмектеседі.
30
Ылғалды
қырыну алдында қолданылатын өнімдер лосьондар, скрабтар және спиртті ерітінділер түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |