Жергілікті қолданыатын қышуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы препараттар
6
Қышуға қарсы және
саңырауқұлаққа қарсы медициналық кремдер сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың қышуын,
тітіркенуін, ашуын, бөлінетін заттарды басу және инфекцияны жеңілдету үшін сатылады.
Қышу
бактериялық және ашытқы инфекцияларын,63 етеккері тоқтатылған кездегі гормондардың өзгеруін қоса
алғанда,64 басқа себептер арасында жуу құралдарындағы, мата жұмсартқыштардағы, вагиналды
дезодоранттардағы, бүріккіштердегі және жергілікті қолданылатын басқа да өнімдердегі химиялық заттар
сияқты түрлі факторлардан туындауы мүмкін.65 Қышуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы кремдер,
лосьондар және белсенді заттар қосылған қынап суппозиторийлері түрінде қолжетімді. Әдетте пайдаланылатын
қышуға қарсы белсенді ингредиенттер жергілікті ансететик (яғни, ауыртпалықты басатын агенттер) болып
табылатын бензокаин имен прамоксин гидрохлоридті, сондай-ақ жергілікті антисептик ретінде резорцинді
қамтиды. Әдетте пайдаланылатын саңырауқұлаққа қарсы белсенді ингредиенттерге клотримазол, миконазол
нитраты мен бутоконазол нитраты кіреді.
Бұрын айтылғандай, өзін-өзі емдеуге байланысты негізгі мәселе – дұрыс диагноз қойылмаған пациенттердің
тиісті белсенді ингредиентті пайдаланылмайтыны және дәріге тұрақтылық дамуының ықтималдығы.
Бұл өнімдердің құрамы дәрілік емес дәстүрлі нысандардың құрамына ұқсас.
531
Достарыңызбен бөлісу: |