Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1039/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1035   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Сәбилер күтіміне арналған өнімдер арнайы баланың нәзік терісі үшін жасап шығарылады.

2. 


Сәбилер терісі мен ересек адамның терісі арасында, сондай-ақ балалар шашы мен ересек адамның шашы 

арасында құрылымы, функциялары мен композициясы бойынша айтарлықтай айырмашылық бар, бұл 

балаларға арналған өнімді жасаған кезде есепке алынуы тиіс.

3. 


Сәбилер күтіміне арналған өнімдерді функциялары бойынша тазалауға және қорғауға арналған өнімдер 

ретінде негізделген өнімдер деп жіктеуге болады.

4. 

Өнімдер  көпшілігі  АҚШ-та  косметикалық  өнімдер  деп  саналады.  Бірақ  күннен  қорғайтын  және 



бөртпелерге қарсы кремдер мен пасталар дәрі-дәрмек санатына түседі.

5. 


Сусабын, жуындыруға арналған өнімдер және майлықтар сияқты балаларға арналған тазалағыш өнімдер 

әдетте жұмсақ, беттік белсенді заттар негізінде жасалады.

6.  Ылғалдататын,  бөртпеге  қарсы  өнімдер,  сеппелер  мен  күннен  қорғайтын  өнімдер  сияқты  балаларға 

арналған қорғау өнімдері әдетте эмульсия түрінде шығарылады.

7.  Балалар  күтіміне  арналған  өнімдерге  қатысты  әдеттегі  сапа  мәселелеріне  күннен  қорғайтын  өнімдер 

құйылған  аэрозольдерің  қалпақтарының  бітеліп  қалуы,  тазалағыш  құралдардың  нашар  көбіктенуі, 

эмульсиялардың бөлінуі, микробтық зақымдану, шеттердің жабысып қалуы және ашып кетуі.

8. Балалар күтіміне арналған өнімдер сапасын бағалау үшін әдетте тексерілетін параметрлерге аэрозольдік 

өнімдердің жағылу қасиеттері, аэрозольдің ағылуы және қысылуын тексеру; лосьондардың, кремдердің, 

гельдердің  және  майлардың  жағылу  қабілеті,  қысылымдалуы,  текстурасы  және  тұрақтылығы,  және 

тазалағыш өнімдердің көбіктенуі, көбіктің тұрақтылығы, көбіктің тығыздылығы, көбіктің тұтқырлығы 

және оның құрылымы, іске қосылу күші, түсі, консерванттар тиімділігі; тұтқырлығы мен pH көрсеткіші 

кіреді.

9. Балалар күтіміне арналған өнімдер қасиеттеріне (тиімділігіне) қатысты ең жиі тестіленетін параметрлер 

бөртпеге қарсы өнімдердің қорғау тиімділігін, ылғалдатқыш құралдардың гидратациялық әсерін және 

күннен қорғайтын құралдардың қорғау әсерін қамтиды.

10. Балалар күтіміне арналған өнімдер қауіпсіздігі бойынша алаңдататын өнім – тальк.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1035   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет