Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1067/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   1070   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Қаупісіздік мәселелері 

Сәбилер терісінің жоғары осалдығына байланысты, 



бұрын құрамында тальк бар 

сәбилер күтімі құралдарын қауіпсіз пайдалануға қатысты кейбір қауіптер пайда болды. 

Негізгі ғылыми 

қорытындылар осы жерде келтірілген. Сонымен қатар, көздің тітіркенуі бала күтімі құралдары үшін маңызды 

проблема болғандықтан, мұндай тітіркенуді тестілеудің негізгі әдістері де осында талқыланады.



Тальк 

Бұрын балалар сеппелерінде тальктің пайдалануына байланысты қауіпсіздік мәселелері туындады. 

Сауалдар асбесттің талькпен ластануына, пайдаланған кезде оның ауамен ықтимал жұтылуына және уақыт 

бойынша  ықтимал  микробиологиялық  ластануына  шоғырланды.  Қауіпсіздік  мәселелері  мен  асбесттің 

талькпен ластануына қатысты ғылыми қорытындылар «Бояғыш косметика» бөлімінде талқыланғандықтан, 

бұл жерде олар талқыланбайды.

Балалар терісіне қолданған кезде (немесе косметикалық спрей және бетке арналған опаларда пайдаланған 

кезде) құрамында тальк бар өнімдер дем алған кезде жұтылуы мүмкін. Өкпеге терең енуі мүмкін бөлшектер 

«тыныс алғанда жұтылатын» немесе «ингаляцияланатын» бөлшектер деп аталады. Бөлшектердің дем алған 

кезде жұтылуы үшін оның диаметрі 10 мкм кем болуы керек. Үлкен бөлшектер әдетте жоғарғы тыныс жолдарына 

шөгіп қалады.

58

 Тальк бөлшектерінің өлшемі (диаметрі) ол пайдаланылатын өнімнің түріне, сондай-ақ тальк 



сататын  өндірушіге  байланысты  түрленеді.  Алайда  күпсек  ұнтақтардағы,  мысалы,  сәбилер  сеппелеріндегі, 

тальк бөлшектерінің мөлшері әдетте дем алған кезде жұтылатын бөлшектерге қарағанда үлкендеу болады. 

Сондықтан  сәбилер  сеппесіндегі  тальк  өкпеге  түспейді.  Сонымен  қатар  сусымалы  ұнтақтарда  бөлшектер 

мөлшерінің ұлғаюына әкелетін әртүрлі факторларға байланысты бөлшектер агломерациясы болуы мүмкін. Бұл 

ақпаратты негізге ала отырып, CIR тобы тальк дем алған кезде жұтылмайтынын және косметикада пайдалану 

үшін қауіпсіз екенін анықтады.

73

Талькқа қатысты туындаған қосымша мәселе оның уақыт өте келе ықтимал микробиологиялық ластануы 



болды. Микробтық ластану терінің жағылған бетінің тітіркенуіне және тері инфекцияларына әкелуі мүмкін. 

Жаңа  Зеландияда  1940-шы  жылдары  балалар  сеппесіне  бактериялар  жұққан  кезде  проблемалар  болды.

74

 

Косметикада  қолданылатын  тальк  («косметикалық  сапалы  тальк»  деп  аталатын)  термиялық  өңдеу  арқылы 



стерилденетіндіктен, ондағы ластану қаупі төмен болады.

75

  Соған қоса өндірушілер әдетте сапаны бағалау 




501

аясында соңғы өнімдердің микробтық ластануын тексереді. FDA тальк пен ұнтақтардың микробтармен (әсіресе 

сіреспе қылтаншасымен) ластанбағанын тексеру үшін анаэробты пластиналардың санына деп аталтын тестті 

өткізуді ұсынады.

76

Сәбилер  күтіміне  арналған  өнімдердің  көзді  тітіркендіруі

    4-тараудың  2-бөлімінде  талқыланғандай, 

бояғыш косметикалық құралдар мен жеке гигиена құралдары үшін көздің тітіркенуін тексерудің дәстүрлі әдісі 

қояндарды пайдалану арқылы жүргізілетін Дрейзе көз тітіркенуіне тесті болып табылады. ЕО жануарларға 

косметикалық құралдарды сынауға тыйым салынғандықтан, компаниялар Дрейзе көз тестіне балама ретінде 

in 

vitro

 (зертханада) және 



in

 

vivo

 (тірі ағзада) жаңа тесттерін іздейді. Көз тітіркенуін тестілеудің балама әдістері 

оқшауланған көздер (мысалы, оқшауланған тауық көзі сияқты) немесе компоненттер, тіндік және жасушалық 

өсірінділер  жүйелері  және  физикалық-химиялық  тесттер  сияқты  ағзаға  ұқсас  модельдерді  қамтиды.

77

 



Флуоресцеиннің ағып кетуіне тест – беттік белсенді заттардың көздегі агрессивтілігін болжау үшін, сондай-ақ 

олардың жасушалар мен тіндермен үйлесімділігін 



in vitro

 бағалау үшін жаңа, кеңінен қолданылатын тест.

78

 

Сынау  әдісі  жасушааралық  тығыз  қосылыстар  мен  мүйізгек  эпителийі  мен  конъюнктиваның  жасушалық 



мембраналарының зақымдануынан туындаған көз тітіркенуін үлгілейді. Бұл тест жұмсақ және қатты жуғыш 

заттарды тиімді саралауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жасушалар алдын ала белгіленген уақыт кезеңі 

ішінде беттік белсенді зат ерітіндісінің әсеріне ұшыратылады. Егер жасушалық қабаттың бұзылуы орын алса, 

бояғыш жасушалар арқылы сіңіп кетеді және оның көлемін өлшеуге болады. Демек тестте жасушалық қабаттың және 

оның тығыз қосылыстарының тұтастығы жасушалық қабаттан сіңіп өткен флуоресцеинді бояғыш көлемі бойынша 

бағаланады. Осы тесттің көмегімен жуғыш заттардың әртүрлі ерітінділерін көлемдік бағалауға және олардың 

тітіркену әлеуетін салыстыруға болады. Нәтижелер бақылау мәндерімен салыстырылып, көрсетілген. Әдетте 

20% немесе 50% ағып кетуді тудыратын тестіленетін заттың концентрациясы токсикологиялық соңғы нүкте 

ретінде көрсетіледі.

79

,

80



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   1070   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет