Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1121/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1117   1118   1119   1120   1121   1122   1123   1124   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

pH буферлер 

әйелдер күтімі өнімдерінде маңызды, олар жыныстық мүшелер аймағындағына ұқсас pH-

ты қамтамасыз етеді. Өнімдер әдетте қышқыл болып жасалып, пайдаланылған кезде табиғи ауқымға 

жеткізу үшін сумен сұйылтылуы мүмкін.




528

  

• 



Әдетте

 пайдаланылатын РН буфері сүт қышқылын, лимон қышқылын және натрий гидроксидін қамтиды.



■ 

Консерванттар 

сондай-ақ, бұл өнімдерде маңызды, себебі олар су негізінде болады.



• 

Мысалдар  феноксиэтанол,  метилхлоризотиазолинон,  метилизотиазолинон  және  калий  сорбатын 

қамтиды.

■ 

Тазалағыш  өнімдердің 



қосымша  ингредиенттері 

денені  тазалауға  арналған  өнімдерге  ұқсас  және 

құрамында  хелаттаушы  агенттер,  антиоксиданттар,  ылғалдандырғыштар,  бояғыштар  мен  хош 

иістендіргіштер бар. Хош иіс жұмсақ және сергітетін болуы керек және тән иісті бүркемелеу қабілеті 

болуы керек.

Әйелдер шайғыштарының формуласы әдеттегі денені тазалауға арналған өнімдерге ұқсас.



Бүріккіштер 

Бүріккіштер – бұл қынап қуысын тазарту, инфекциялардың алдын алу, жүктіліктің алдын алу 

және иісті бақылау үшін бүркіп суаруға арналған қышқыл ерітінділер.45 Пайдаланушылар тұз, сірке суы және 

суды пайдалана отырып, өздерінің медициналық емес бүріккіштерді үйде жасай алады, немесе дәріханада 

сатылатын  өнімдерді  пайдалана  алады.    Дегенмен,  бүркіп  шаюдың  денсаулық  үшін  теріс  салдары  болуы 

мүмкін. Жалпы пікір бойынша, қынап гигиенасын сақтау үшін бүркіп шаю қажет емес, өйткені қынап өзінен-

өзі тазаланады.

Әйелдерге  арналған  тазалағыш  майлықтар 

Алдын  ала  ылғалданған  әйелдерге  арналған  тазалағыш 

майлықтар  жөргек  аймағына  қолданылатын  тазалағыш  майлықтарға  ұқсас.  Бұл  бір  реттік  және  әдетте 

тоқылмаған  материалдан  жасалған,  әдетте  шайылатын  (биологиялық  ыдырайтын)  маталар.  Олар  жұмсақ 

беттік-белсенді  зат  ерітіндісіне  малынып,  жеке  қаптамаға  немесе  ірі  пластик  сөмкелерге  қапталады. 

Консерванттар,  сондай-ақ  осы  өнімдер  үшін  қажетті  ингредиенттер.  Тері  кондиционерлері,  сондай-ақ  тері 

бетіне қосылуы және тұндыруы мүмкін, өйткені өнімдер жаққаннан кейін жууды қажет етпейді. Ай сайынғы 

ағындарды басқару үшін гигиеналық төсемдерді пайдаланатын әйелдер майлықтан пайда көре алады. Әйел 

майлықтарының жалғыз кемшілігі – олар теріні ылғалды қалдырады және кебу үшін бірнеше секунд қажет.

Әйелдер  сеппелері 

Әйелдер  сеппелері  сәбилер  сеппелері  сияқты  мақсатта  иістерді  бақылау  үшін 

пайдаланылуы  мүмкін.  Жақсы  сіңіп  алу  қабілеті  бар  ингредиенттер,  терді,  зәрдің  қалдықтары  мен  қынап 

өңезін сіңіп алу үшін қолданылады, ал қосымша қосылған хош иіс мүшелерге тән иісті бүркемелеп, теріні 

құрғақ,  таза  және  балғын  қалдырады  алады.  Сондай-ақ,  натрий  бикарбонаты  сияқты  қосымша 

бейтараптандыратын заттар қосылуы мүмкін. Тікелей вульва аймағына немесе гигиеналық төсемдерге жанама 

түрде  жағылуы  мүмкін.  Қазіргі  ұнтақ  сеппелерінде  әдетте  негізгі  абсорбент  ретінде  жүгері  крахмалы 

қолданылады. Сеппелердің негізгі кемшілігі – олар қолдануда қиын және жағымсыз болуы мүмкін.



Әйелдерге арналған дезодорант спрейлер 

Әйелдерге арналған дезодорант спрейлер – бұл сыртқы жыныс 

мүшелерінің аумағына жағылатын аэрозольдік өнімдер немесе аэрозольдік емес сорғы қақпақты спрейлер. 

Олар  иісті  жоюға  және  ылғалды  сіңіп  алуға  арналған.  Өнім  қолтыққа  арналған  дезодоранттарға  ұқсас; 

дегенмен, әйел өнімдері, әдетте, тітіркенуді болдырмау үшін алкогольсіз негізде жасалады. Иістерді бүркеуге 

арналған  ингредиенттер  қолтыққа  арналған  дезодорант  сияқты  хош  иістендіргіштерді,  мырыштың 

рицинолеатын, натрий бикарбонатын және абсорбент ретінде жүгері крахмалын қамтуы мүмкін.

   Дезодорант спрейде гамамелис сияқты микробтарға қарсы агенттер мен тұтқыр заттар болуы мүмкін.



Әйелдерге арналған хош иістендіргіш суппозиторийлер 

Әйелдерге арналған хош иістендіргіш суппозиторийлер 

де нарықта қолжетімді. Бұл қынапқа енгізген кезде дене температурасында ериді және таза, балғындық сезім 

мен иісті қамтамасыз ететін медициналық емес суппозиторийлер. Әдетегі ингредиенттері Peg 20, PEG 32 және 

PEG  20  стеарат  сияқты  суппозиторий  негіздерін  қамтиды.  Мұндай  өнімдердің  негізгі  кемшілігі  –  оларды 

пайдаланған  кезде  ағып  кетуі  мүмкін  болғанына  байланысты  іш  киімге  жапсырылатын  төсем  киюге  тура 

келеді.

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Антиперспиранттар  жыныстық  мүшелерде  қолдануға  болмайды,  өйткені 

олардың қышқыл рН осы сезімтал аймақты тітіркендіруі мүмкін.

57



529



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1117   1118   1119   1120   1121   1122   1123   1124   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет