Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет163/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

3. 

Партия  нөмірі 

немесе


  партия  коды

,  әдетте,  рецептісіз  дәрілік-косметикалық  өнімдерде  көрсетілуі 

тиіс. Бұл өндірушілер үшін өнімді анықтауға көмектесетін нақты нөмір.

25

4. 



Тауар АҚШ-қа импортталса, 

өндіруші елді 

көрсету міндетті.

13

КИХН бойынша атаулар 

Жоғарыда айтылғандай, 



АҚШ-та косметикалық ингредиенттер, әдетте, КИХН бойынша атау болып 

табылатын, олардың белгіленген немесе қабылданған атаулары бойынша көрсетілуі тиіс. 

«КИХН» 


аббревиатурасы Косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасы дегенді білдіреді.

PCPC (бұрын Парфюмерлік-косметикалық тауарлар және хош иісті заттар жөніндегі қауымдастық ретінде 

белгілі) 

КИХН


 бойынша атауларды ойлап тапты, оларды Косметикалық ингредиенттер бойынша халықаралық 

сөздік  пен  анықтамалықта  (

КИХН

  сөздігі  ретінде  белгілі)  табуға  болады.  Сөздіктің  бірінші  басылымы 



1973 жылы басып шығарылды; содан бері көптеген өзгерістер енгізілді. 2013 жылы оның 14-ші басылымы 

пайдаланыла  бастады.  Номенклатура  жөніндегі  Халықаралық  комитет  (INC)  деп  аталатын  PCPC  комитеті 

сөздікке  енгізілген  деректердің  тұтастығы  мен  дұрыстығын  сақтау  үшін  жауап  береді. 

КИХН


  бойынша 

атаулардың, сондай-ақ сөздіктің негізгі мақсаты ингредиенттердің атауларын стандарттау, тілдік кедергілерді 

азайту  және  халықаралық  саудаға  көмектесу  болып  табылады.  Бір  косметикалық  ингредиентті  бірнеше 

жеткізуші

 

өндіріп, тарата алатын болғандықтан, бұл әр түрлі сауда атауларына әкеле алады. Сауда атауларын 



пайдалану  ингредиенттердің  заттаңбаларын  түсінуді  қиындатады,  ал  экспорт  /  импорт  іс  жүзінде  мүмкін 

емес болады. Дегенмен, стандартталған номенклатураның арқасында тұтынушыларға ингредиенттердің тізімін 

тексеріп,  аллергия  болуы  мүмкін  ингредиенттерді  табу  арқылы  негізделген  шешімдер  қабылдау  оңай  болады. 

Сонымен  қатар,  бұл  өндірушілерге  өз  өнімдерінде  көптеген  елдерде  өзара  қабылданған  стандартталған 

атауларды пайдалануға көмектеседі.    

КИХН


  бойынша  атаулар  мен  сөздігі  косметикалық  өнімдердің  заттаңбаларына  ингредиенттерді  қосу 

үшін  АҚШ,  Қытай,  Жапония,  Еуропа  елдерінде  және  басқа  да  көптеген  нарықтарда  қолданылады

  КИХН

 

номенклатурасын  біріздендіру  бойынша  күш  салуларға  қарамастан,  түрлі  елдердегі 



КИХН

  жүйелерінде 

түстердің, өсімдік компоненттерінің және маңызды емес ингредиенттердің номенклатурасына қатысты әлі де 

кейбір айырмашылықтар бар.   

Мысалы,  H2O  үшін  Еуропадағы 

КИХН


  бойынша  атауы  –  «aqua»,  ал  АҚШ-та  –  «water».  АҚШ  «Red  4» 

сияқты  АҚШ  түстерінің  атауларын  пайдалануды,  ал  ЕО  CI  14700  сияқты  түс  индекстерінің  нөмірлерін 

пайдалануды  талап  етеді.  Мұндай  жағдайларда  балама  атау  жақшаға  алынуы  мүмкін,  мысалы,  Red  4  (CI 

14700). Бұл елеулі емес айырмашылықтар сияқты көрінгенімен, импорттаушылар мен экспорттаушылар үшін 

айтарлықтай қиындықтар тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір елдерде 

КИХН


 бойынша атаулар жергілікті 

тілге аударылады,

 

бұл тағы да басқа айырмашылықтарға әкеледі. 



КИХН

 бойынша атаулар ингредиенттің химиялық құрамы мен құрылымы негізінде беріледі; алайда, олар, 




97

әдетте кез келген ингредиент үшін құрылымдық формуланы жазу үшін пайдалануға болатын молекуланың ресми 

химиялық атауларынан (яғни, ХТҚХО бойынша атаулар; ХТҚХО Халықаралық теориялық және қолданбалы 

химия одағы дегенді білдіреді) ерекшеленеді.

26

 Мысалы, жиі қолданылатын консерванттың ХТҚХО бойынша 



атауы – метил 4-гидроксибензоат, ал оның 

КИХН


 бойынша атауы –метилпарабен. ХТҚХО бойынша атауларға 

сүйене отырып, молекуланың дұрыс құрылымын анықтауға болады; алайда бұл үшін 

КИХН

 бойынша атаулар 



негіз бола алмайды. 

КИХН


 бойынша атаулар косметика мен жеке гигиена өнімдерінде, сондай-ақ рецептісіз 

дәрілік-косметикалық өнімдерде белгілеу үшін арнайы қолданылады, бірақ рецептісіз дәрі-дәрмектерде, тек 

дәрігердің рецептісі бойынша ғана босатылатын дәрі-дәрмектер немесе тамақ өнімдерінде қолданылмайды.  

Сөздікте  көрсетілмеген  жаңа  ингредиенттерге 

КИХН

  үнемі  атау  беріп,  сөздікке  қосады. 



КИХН

  атау  беру 

барысында, 

КИХН


 өндірушілер берген жазбаша ақпарат негізінде жұмыс істейді; демек, ұсынылған ақпараттың 

толықтығы  мен  дәлдігін  қамтамасыз  етуге  жеткізушілер  жауапты  болады. Сөздікте  қосымша  ақпарат  пен 

өндірушілер ұсынған косметикалық ингредиенттерге сілтемелер бар. 

27



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет