Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет406/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?

Темекі  шегу  ерте  қартаюға  әкеліп  соқтыратыны  белгілі,  яғни  темекі 

шегушілер  жалпы  өзінің  хронологиялық  жастарынан  үлкен  көрінеді. 

Дегенмен, темекі шегу күнге күюге қарағанда беттегі әжімге үлкен үлес 

қосатыны айтарлықтай қызықты.

12

Ағзаның ішкі күйінен пайда болған қартаюдан айырмашылығы, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған 



терінің  қартаюы  неғұрлым  елеулі  морфологиялық  және  физиологиялық  өзгерістермен  сипатталуы  мүмкін. 

Клиникалық  түрде  сыртқы  факторлардың  әсерінен  туындаған  терінің  қартаюы  әжімдері,  гиперпигменттелген 

учаскелері, сарғаюы, жоғары нәзіктігі, текстуралық кедір-бұдырлығы және тері астында көрінетін кеңейтілген қан 

тамырлары бар әдеттегі тері ретінде сипатталуы мүмкін (медициналық термин ретінде «телеангиэктазия» деп 

аталады). Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған тері қартаюының гистологиялық ерекшеліктері маңызды 

эпидермалді және дермалы өзгерістерді қамтиды.

■ 

Эпидермис қалыңдығы ұлғаюы немесе кішірейілуі мүмкін, бұл тиісінше қалыңдатуға немесе жұқаруға 



әкеледі. Тері типі фотоқартаюдың клиникалық белгілеріне айтарлықтай әсер етеді. Жарқын мысал – ерте 

балалық шақта секпілі болған ақсары адамдар. Күнге біршама күйген соң, мұндай адамдарда терінің 

жұқаруы мен майда әжімдер дамиды. Керісінше, терісі қара адамдарда күннің көп жылғы әсерінен терісі 

қатты болады.

11

 Жалпы алғанда, эпидермис жылдар өте келе жұқарып, оның аймақтары қалың және 



өрескел болады. Қан тамырларын тері арқылы оңай көруге болады, олар ол жерде жұқа болып келеді, ал 

осы аймақтарда тері әдеттегіге қарағанда оңай зақымданып, қанайды.     

■ 

Лангерганс жасушаларының және иммундық цитокиндердің жоғалуы терінің фотоқартаю жағдайында 



байқалуы мүмкін, бұл терінің әлсіреуіне әкеледі.

■ 

Ультракүлгін  және  темекі  шегуге  байланысты  тері  қалыпты  қызғылт  жарқырауын  жоғалтып,  оның 



орнына  сары  түс  пайда  болады. Күн  әсеріне  ұшыраған  тері  учаскелерінде,  әдетте  меланоциттердің 

саны мен белсенділігінің артуы байқалады. Бұл терідегі қара дақтардың (яғни жас дақтарының) пайда 

болуымен көрінеді. Гипопигменттелген учаскелер, сондай-ақ зақымдалған теріде жиі пайда болады.

■ 

Жарық зақымынан және темекі шегуден туындаған өзгерістер дермада да байқалуы мүмкін. Мұндай 



факторлардың қайта әсері коллаген мен эластиннің тозуына және қалыпты емес эластиннің жиналуына 

әкеледі (медициналық тұрғыдан «эластоз» деп аталады).

 

Сондай-ақ



 

тері асты май қабаты қалыңдықта 

азаяды.

 

Осының  бәрі  терінің  беріктігі  мен  икемділігін  төмендетуге,  сондай-ақ  әжімдердің  пайда 



болуы  мен  салбырауға  әкеледі.

13

  Күн  сәулесінде  болу  коллагеннің  тозу  жылдамдығын  айтарлықтай 



жылдамдатады, бұл ашық учаскелерде айтарлықтай құрылымдық өзгерістерге әкеледі.

14

Жасқа қатысты тері өзгерістері мен күнге қатысты тері өзгерістері ұқсас; алайда соңғысы елеулі болып 



табылады және одан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.


200



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет