Гиперкератоз:
Эпидермалды жасушалар өндірісін арттыру.
Жарыққа сезімталдық:
Терінің күн сәулесіне аса сезімталдығы.
Жылауық:
Ауыр қабыну реакциясының нәтижесі болып табылатын безеудің үлкен іріңді қабынған
зақымдануы.
Кәдімгі безеу:
Бітеліп қалған ұсақ тесіктерді сипаттауға болатын, майлы-түкті кешеннің кең таралған
дерматологиялық ауруы.
Кератолитик:
Мүйіз қабатын жұмсартуға және тастауға көмектесетін ингредиент.
Комедон:
Тері майымен, бактериялармен және өлі тері жасушаларымен толтырылған кеңейтілген фолликул.
Қара нүктелер:
Ашық комедон. Бұл тері майы мен тығындағы бактериялардың тотығуына байланысты
қара түсті қабынбаған безеу.
Липосома:
Биомебрананың табиғи құрылымын еске түсіретін липидті қосқабаттың құрылымы бар
фосфолипидтерден алынған микроскопиялық сфералық везикула.
Микрокомедон:
Комедонның бірінші сатысы және бұл тесіктер бітелуінің басы. Бұл көзбен көрінбейді.
Ниосома:
Алкил-және диалкилполиглицеринді эфирлерден және холестериннен дайындалған сфералық
везикулалар.
Нодула:
Фолликулдың қабырғасының жарылуы қабырғаның төменгі жағында терең болған кезде пайда
болатын безеудің қатты қабынуы. Нодулалар басқа зақымдардан гөрі ауыр, және қара-қызыл немесе
күлгін түсті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |