Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет479/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Кең Ауқымды Қорғаныс

«Кең ауқымды қорғаныс» термині УКА және УКВ сәулелерінен қорғанысты білдіреді.

                            

 

Зерттеулер көрсеткендей, күннен қорғау өнімінің тіпті жоғары SPF мәнімен пайдалану фотоқартаю мен 



тері қатерлі ісігін қалыптастыруға жауап беретін UVA радиациясына қарсы қорғауды қамтамасыз етпейді.

25

,

26 

Сондықтан, ұзақ мерзімді әсерлерден құтылу үшін, екі сәуле түрінен де қорғаныс қажет. УКА сәулеленуінің 



терінің  зақымдау  әсеріне  қатысты  алаңдаушылық  үлкейгендіктен  FDA  жақында  күннен  қорғау  өнімдеріне 

жаңа талаптар қойды. Жаңа ережелерге УКА сәулеленуінен қорғауға арналған сынау және таңбалау талаптары 

жатады.  УКА  және  УКВ  қорғанысы  үшін  FDA  стандартына  сәйкес  келетін  күннен  қорғау  өнімдері  «кең 

ауқымды» деп белгілене алады. Бұл термин біраз уақыт пайдаланылды; алайда оның ресми анықтамасы немесе 

стандартты тестілеуі жоқ еді. Қазіргі уақытта УКА қорғанысын өлшеу үшін стандартталған әдістер бар. Жаңа 

талаптар, сонымен қатар, өнімнің қартаю мен тері қатерлі ісігінен немесе жай ғана күннің күйіп қалуынан  

қорғауды  қамтамасыз  ететінін таңбаларда белгіленуі керек екенін де  көрсетеді.  Ғылыми  зерттеулер  SPF 

15  немесе одан жоғары кең ауқымды өнімдер  басқа  да  теріні  қорғау  шараларымен бірге терінің қатерлі 

ісігі мен ерте  қартаю  қаупін  төмендетуі  мүмкін  екенін  көрсеткен  (мысалы, күннен қорғайтын киім).  Жаңа  

ережелерге  сәйкес,  SPF 15  немесе одан жоғары кең ауқымды   күннен   қорғау  өнімдері  таңбалауында  келесі  

мәлімдеме  болуы мүмкін:   «... терінің   қатерлі   ісігі   мен   күн  тудырған  ерте  қартаю  қаупін азайтады».  

Дегенмен,   кең   ауқымды  емес  немесе  SPF 15  кең  ауқымынан төмен  кез  келген  күннен  қорғау  өнімі,  күн  

зақымының ықтимал қолайсыз әсерлері   туралы   тұтынушыларды   хабардар   ету  үшін  оның  таңбалауына 

ескерту  қоюлу  керек.  Ескертуде  былай  делінген: «...Күннің астында уақыт өткізу   терінің  қатерлі  ісігі  мен  

ерте  қартаю  қаупін  арттырады.  Бұл  өнім тері  қатерлі  ісігін  немесе  ерте  қартаюдың  алдын-алуы  үшін 

емес,  тек күнге   күйіп   қалудан  сақтайды».  

УКА  сынақтарының  егжей-тегжейлері кейінірек тиімділікке 

тестілеу кезінде талқыланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет