Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет506/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?

Авобензон  АҚШ  өндірушілерінде  кең  қолданыста  болатын  жалғыз 

ұзақ  химиялық  УКА  сүзгісі  (340  -  400  нм)  болып  табылады.  Алайда, 

молекула шын мәнінде тұрақсыз және тек 1 сағ УК әсерінен кейін өзінің 

скринингтік қуаттылығының шамамен 50% жоғалтады.

87

 Сонымен қатар, 



басқа ингредиенттерді, тіпті кейбір УКВ сүзгілерін авобензоны бар күннен 

қорғау өнімдеріне қосу екеуінің деградациясын жеделдетеді. Осы себепті 

фото-тұрақтандырғыштарды құрамаларға қосу өте маңызды.

Құрамасы 

Эмульсиялар  құрамасы



 

жалпы  құрама



 

қадамдарына  сәйкес  болуы  керек.  Ерімейтін 

бейорганикалық  сүзгілердің  біркелкі  дисперсиясы  тиімді  және  эстетикалық  тұрғыдан  жағымды  өнім  үшін 

өте  маңызды.  Гельдердің  құрамасы,  әдетте,  қалыңдатқышты(тарды)  ылғалдандырудан  басталатын  жалпы 

қадамдарды  қамтуы  керек.  Қарындаштарды  құю  әдісімен  жасайды.  Бұл  4-тараудың  1-бөлімінде  егжей-

тегжейлі талқыланған. Сонымен қатар, макияж өнімдерін даярлауды 4-тараудан табуға болады. Күннен қорғау 

майлықтары  күннен  қорғау  лосьондары  немесе  ерітінділері  сіңірілген  маталар  болып  табылады.  Олардың 

құрамасы


 

бет майлықтарымен бірдей.

Аэрозольді құрамаларды

 

арнайы құрылғыларды пайдаланып өртке төзімді  алаңда жасау қажет, өйткені 

олар  өте  жанғыш  және/немесе  жарылғыш  болып  келеді.  Біріншіден,  өнімнің  концентраты  жасалады,  ол 

кейінірек қысыммен толтыру деп аталатын арнайы техниканы пайдаланатын отынмен толтырылады.

88

 Осы 


процесте өнім концентраты әдетте біріншіден толтырылады, содан кейін клапан орнына салынып, жабылады. 


241

Ақыр соңында, сұйылтылған отын қысымның астында жабылған клапан арқылы құйылады. Ауаны вакуум 

немесе ығысып кету арқылы қалбырдан шығаруға болады. Толтыру жұмыстары аяқталғаннан кейін клапан 

тиісті функция үшін тексеріледі.

89



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет