Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


■  Дезодорантты аэрозольдар



Pdf көрінісі
бет556/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Дезодорантты аэрозольдар 

құрамында



 

әдетте сұйылтылған пропеллентпен араласатын этанолдағы және 

/ немесе пропиленгликольдағы микробқа қарсы белсенді агент сияқты дезодоранттайтын ингредиент 

ерітіндісі бар. Бұл жүйелерде дезодорант ингредиенті тасымалдаушыда ерітіледі. Пропан, бутан және 

изобутан ең жиі қолданылатын пропелленттер болып табылады. Олар түсі мен иісі жоқ мөлдір сұйықтық 

түзеді. Спрей дезодоранттар сусыз болғандықтан, терінің құрғақтық сезімін қамтамасыз етеді.



■ 

Антиперспирантты аэрозольдер 

дезодорантты аэрозольдерге ұқсас сусыз құрамалар болып табылады. 

Алайда  аэрозольды  антиперспирант  пен  аэрозольды  дезодорант  арасында  үлкен  айырмашылық  бар: 

антиперспиранттың белсенді заттары өнім концентратында суспендияланады және ерімейді. Тасумадаушы 

әдетте  циклометикон  сияқты  ұшатын  силикон  майларынан  немесе  эфир  майлары  мен  силикондар 

қоспасынан  тұрады.  Қатты  бөлшектердің  жиналуы  және  белсенді  заттардың  тұндыруы  бентонит 

стеаралконийі  және  гекторит  сияқты  саз  немесе  аморфты  кремний  диоксиді  сияқты  суспендирлеуші 

агенттердің  көмегімен  азайтылуы  мүмкін.  Бұл  жүйелер  әдетте  дезодорантты  аэрозольдердегі  сияқты 

пропелленттерді  қамтиды.  Сонымен  қатар,  олар  диметикон  және  изопропилпальмитат  сияқты 

жұмсартқыш  заттарды;  хош  иістендіргіштерді;  және  консерванттарды  қамтуы  мүмкін. Бұл  жүйелер 

суспензия болғандықтан, қоюландырғыштарды қолдануға қарамастан, олар үшін седиментация әлеуетті 

проблема  болып  табылады.  Сондықтан  көптеген  аэрозоль  қамтамадағы  антиперспиранттарда  өнімді 

гомогенизациялау үшін пайдаланар алдында банкаларды сілкілеу бойынша нұсқаулар бар.



268



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет