Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет579/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Адам ерні шырышты қабық пен теріден тұратын күрделі анатомияға ие.

2. 


Ерінге арналған далап, жылтыр және ерінге арналған лайнерлер сияқты өнімдер АҚШ-та косметика 

санатына жатады. Олар ерінді жақсарту немесе бояу үшін қолданылады және косметикалық өнімнің 

анықтамасына сәйкес келетін Сұлулық пен тартымдылықты арттыруға арналған

.

3. 



Ерінге арналған бальзамдар, сондай-ақ ерінге күтім жасауға арналған өнімдер ретінде қолданылатын 

болса да, ерінге арналған бальзамдардың көбі ерінге арналған қорғаныс деп аталып, АҚШ-та рецептсіз 

берілетін дәрілік заттар болып табылады.

4. 


Далаптар  мен  ерінге  арналған  бальзамдарды  өндіру  үшін  ең  жиі  қолданылатын  әдіс  –  қалыпқа  құю 

ретінде белгілі процесс. Бұл әдістің әдеттегі кезеңдері (I) пигменттерді алдын ала үгітуді, (II) балқыту 

мен араластыруды, (III) қалыпқа құю мен қаптауды және (IV) жалынмен өңдеуді қамтиды

.

5. 



Қосымша техникаға жалынмен өңдемей қалыпқа құю, ерітпей жай араластыру, сондай-ақ сығып шығару 

кіреді.


6. 

Ерінге күтім жасауға арналған өнім сапасына байланысты әдеттегі проблемаларға аэрация, қатпарлану, 

қабыршықтану, пішімінің өзгерілуі, ойықтардың пайда болуы, жолақтардың пайда болуы, 

булану


, езіліп 

сынып қалу, тігістер, жағылып қалу және төмен өтелімдік кіреді.

7. 

Ерінге күтім жасау өнімдерінің сапасын бағалауға арналған қарапайым сынау параметрлеріне сынып 



қалуға төзімділік, қаттылық, балқу нүктесі, жұмсару нүктесі, түстер іріктелуі, түстер жарқындығы және 

жолақтардың болуы, өтемділігі мен тегістігі, мықтылығы, тұтқырлық пен рН көрсеткіші жатады

.



284

8. 


Ең жиі сыналанатын тиімділік параметрі – ерінге арналған бальзамдардың ылғалдатқыш әсері.

9. 


Далапқа қатысты қауіпсіздік мәселесін тудыратын бас ингедиент – қорғасын.

Кіріспе

Ерін бояуға арналған өнімдерді негізінен әйелдер өздерінің тартымдылығы мен биязылығын арттыру үшін 

қолданылады; алайда ерлер үшін де қолжетімді өнімдер бар. Ерлерге арналған өнімдер әдетте ылғалдату және 

күннен қорғайтын бояусыз таяқшалар болып табылады.

Бұл  бөлімде  адам  ернінің  негізгі  анатомиялық  және  физиологиялық  сипаттамалары  қарастырылады. 

Сонымен қатар онда ерінге арналған түрлі косметикалық өнімдер мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерге 

жататын  косметикалық  өнімдерге  және  қаптау  материалдарына  шолу  ұсынылады.  Сондай-ақ  осындай 

өнімдердің ерінге әсер ету ықтималдығы және тұтынушылардың жалпы талаптары талқыланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет