■
Контактілі линзалары
бар адамдарға көздерін бояған кезде аса абай болу керек, себебі көзге арналған
түрлі косметикалық құралдар контактілі линзаларды ластауы немесе зақымдауы мүмкін.
13
Косметиканы
дұрыс қолданбау тіпті көзге зақым келтіруі мүмкін. Контактілі линзаларды өндірушілер қауымдастығы
мен Америка оптометрлік қауымдастығының контактілі линзалары бар адамдарға арналған көз
косметикасын қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстары бар. Олар көз макияжын қолданар алдында
контактілі линзаларды киюді ұсынады, өйткені бұл пайдаланушы кірпігіне немесе қабағына не
жағып жатқанын көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ линзалардың ластану қаупін азайтады. Сондай-
ақ себептермен олар көз макияжын кетірудің алдында линзаларды алып тастауды ұсынады. Олар
линзаларды көз бояуға, бояуды кетіруге арналған құралдардан және осыған ұқсас басқа өнімдерден
қашық жерде ұстауды ұсынады, өйткені, мысалы, қолға жағатын крем майлы іздер қалдыруы мүмкін.
Осы компаниялардың ешқайсысы кірпік ұзартқыш тушьты пайдалануды ұсынбайды, өйткені оның
құрамындағы талшықтар бөлініп, көзге түсіп, тітіркенуді тудыруы мүмкін. Олар пайдалануышларға
су өткізбейтін тушьты да қолдануды ұсынбайды, өйткені оны кетіру қиын болғандықтан контактілі
линзалар ластануы мүмкін.
14
,
15
Достарыңызбен бөлісу: |