Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет649/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Бояғыштар 

Көз бояуға арналған басқа өнімдер сияқты бұл аймақ үшін мақұлданған бояғыштар саны 

шектеулі. Көз аймағы үшін пайдаланылатын бояғыш қоспалар негізінен органикалық емес бояғыштардан 



311

тұрады  (мысалы,  темір  оксиді  және  ультрамарин),  өйткені  көптеген  органикалық  бояғыштарға  FDA 

тыйым салған. Тана пигменттері сияқты арнайы пигменттер де осы аймаққа қолданылуы мүмкін. Олар 

өнімді бірегей етіп, көзге көзтартарлық әсер береді.



■ 

Консерванттар 

қабаққа арналған бояу ұнтағына бояуды түрлі микроағзалардан сақтау үшін қосылады.



Қабаққа  арналған  бояу  ұнтағының  жасалуы 

Сусымалы  және  престелген  қабаққа  арналған  бояуларды 

жасаудың  бастапқы  кезеңдері  бірдей  болады.  Бірақ  соңғысы  байланыстырғыш  заттектердің  қосылуы  мен 

баспалауды  талап  етеді.  Құрастырудың  негізгі  кезеңдері:  бояғыштың  таралуын  ұлғайту,  негіз  ұнтағын 

дайындау, араластыру, үгіту, толықтыру және електен өткізу; баспаланған ұнтақ үшін баспалау соңғы кезең 

болып табылады. Нақты кезеңдер ингредиенттерге байланысты болады; толық біркелкі күйге келтіру үшін 

үгіту және араластыру қайталануы мүмкін.

Сусымалы  ұнтақтар  тальк  ұнтағы  сяқты  басқа  да  сусымалы  ұнтақтарға  ұқсасs.  Сусымалы  ұнтақтарға 

қатысты  жалпы  мәселелер:  бөлшектердің  өлшемі  және  бөлшектерді  мөлшеріне  қарай  таралуы.  Уақыт 

бойынша бөлінуін болдырмау үшін әртүрлі компоненттердің бөлшектер мөлшері бір-біріне өте ұқсас болуы 

керек.    Бұл  бір-біріне  араластырудың  алдында  және  оның  барысында  ингредиенттерді  үгіту  арқылы  қол 

жеткізіледі. Үгіткен кезде ұнтақта кездесуі мүмкін кесектерді де бұзады және осылайша араластыру процесі 

тездетіледі. Пигменттелген ұнтақтарды өңдеу барысындағы ең басты кезең пигменттердің басқа, әдетте ақ 

немесе онша ақ емес, ингредиенттер қоспаларында (жиі «негіз» деп аталады) біркелкі таралуына қол жеткізу 

болып табылады. Біркелкі күйге пигменттерді тиісті түрде үгітіп бір негізгі ингредиентпен, әдетте талькпен 

араластырылу  арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  процесс  «кеңейту»  деп  атайды.  Пигменттің  таралуы 

тиісті түрде кеңейтілгеннен кейін оларды ақ негіздің қалған бөлігімен араластырады. Өнім құрамында хош 

иістендіргіштер болса, оны қоспа біркелкі күйге келтірілгеннен кейін ғана қосады. Әдетте оларды тұрақты 

түрде  араластырып  тұрып,  ұнтақтарға  бүркіп-бүркіп  қосады.  Сусымалы  ұнтақтарға  олар  толықтырғыштар 

ретінде қосылады.

Престелген ұнтақтарға сұйық байланыстырғыш заттар қоспа біркелкі болғаннан кейін қосылады. Сондай-

ақ оларды хош иістендіргіштермен бірге қосуға болады. Араластыру және үгіту қоспа толық дайын болғанша 

орындалады.  Тана  бөлшектері  қосылатын  болса,  оны  соңғы  кезеңде  аздап-аздап  қосады.  Осыдан  кейін 

ұнтақ баспалауға дайын болады, әдетт бұны ұнтақты баспалауға арналған машинада жасайды. Ол жетегінің 

түріне қарай, мысалы, пневматикалық, гидравликалық типті немесе штоссель типті болуы мүмкін, ал жұмыс 

принциптері  пресстің  ұнтаққа  қарай  жылжып  оны  басуы  немесе  бір  жерде  тұрып,  металл  қалыптарының 

астынан итерілетіні бойынша ажыратылады. Пресстелген қабаққа арналған бояу әдетте тікелей металл ыдысқа 

(құтыларға) баспаланады. Дегенмен қолайлы түрде шығарылған қалыптарға да баспалап, қаптауға болады.



Крем және гель түріндегі қабаққа арналған бояу 

Крем түріндегі қабаққа арналған бояу көбінесе сазды гель 

құраушы  заттармен  немесе  балауыздармен  қоюландырылған,  майлар  негізіндегі  сусыз  эмульсиялар  болып 

табылады.  Қабаққа арналған сусыз бояуларды жиі «ұнтаққа айналатын крем» деп атайды, өйткені крем ретінде 

қабаққа майдай жағылып, олар дереу өте жұмсақ ұнтаққа айналады. Крем түріндегі қабаққа арналған бояудың 

тұтқырлығы жоғары болады, сондықтан пигменттер мен тана бөлшектері сіңіп кетпейді және бетінде қалқып 

жүрмейді. Бірақ оларды реологилық қасиеттері арқасында оңай пайдалануға болады.

Осындай өнімдердің жасалуына ингредиенттерді қыздыру және араластыру, пигменттер мен тана бөлшектерін 

ыстық қоспада біркелкі түрде үлестіру, суыту және тиісті ыдысқа құю кіреді.

Сонымен қатар крем түріндегі қабаққа арналған бояу су негізіндегі эмульсиялар да болуы мүмкін, олардың 

құрамында пигменттер, тана бөлшектері және консерванттар сияқты өнімдердің тиісті реологиялық әрекеттесуін 

қамтамасыз  ету  үшін  майларды,  жұмсартқыш  заттар  мен  қоюландырғыштарды  қамтиды.  Оларды  дайындау 

процесі негізінен қажетті болған кезде қыздырып, эмульсия жасау процесі болып табылады.

Гель түріндегі қабаққа арналған бояу сусыз және су негізінде, құрамында тиісті еріткіштер (су немесе тез 

ұшып кететін көмірсутектер немесе силикон майлары), қоюландырғыштар, жұмсартқыш заттар, консерванттар 

және пигменттер болуы мүмкін



.

Таяқшлар түріндегі қабаққа арналған бояу

 Таяқшлар түріндегі қабаққа арналған бояу әдетте бояғыштар 

үгітіліп  қосылған  балауыздарға,  майларға  және  текстуралаушы  ингредиенттерге  негізделеді.  Олар  кремді 

құрылымға  ие  болып,  қабаққа  жеңіл  жағылады.  Ингредиенттердің  негізгі  түрлері  мен  дайындау  процесі 

далаптардың  ингредиенттері  мен  дайындау  процесіне  ұқсас  (қосымша  ақпарат  алу  үшін  осы  тараудың 

1-бөлімін қараңыз). Дегенмен, таяқша түріндегі қабақ бояуы әдетте далаптарға қарағанда жұмсағырақ болады.




312



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет