4.12-сурет
(a және ә). Сусымалы ұнтақтардың көлемді және нығыздалған тығыздығын өлшеу.
Жылтырлығы мен күтілетін әсері – қысыммен сынау
Күтілетін әсер қабаққа арналған бояуды жаққан
кезде қабаққа көшірілінетін материалдың салмағына қатысты болады. Жылтырлық престелген өнім ортасында
қатып қалатын қара, майлы бетке қатысты болады. Бұл өлшемдер әдетте престелген өнімді белгіленген уақыт ішінде
спонжбен немесе кішкене аппликатормен шеңбер бойынша жүргізу арқылы орындалады. Жылтырлау белгілері
байқалған кезде, аппликаторға жұққан өнімнің салмағы өлшенеді. Бұл қасиеттер пайдаланушы тұрғысынан
өте маңызды. Күтілетін әсер жақсы болатын престелген, уатылып қалмайтындай қатты, жылтырламайтын
өнімді жасау үшін, байланыстырғыш жүйе, қолданылған байланыстырғыштар сапасы мен қолданылатын
қысым арасындағы тиісті теңгерімге қол жеткізу керек.
Суға төзімді
тушьтар, көзге арналған лайнерлер, тіпті қабаққа жағатын бояулар да суға төзімді немесе су
өткізбейтін қасиеттермен жасалуы мүмкін. Бұл қасиетті өнімнің біраз көлемін қолдың сырт жағына жағып, оның
қатып қалғанын бір минуттай күтіп, бір минутқа қолды суға салып немесе ағынды судың астында ұстап тұрып
сынауға болады. Өнім сумен/судын астында кетірілгеннен кейін, оның қалған көлемін көзбен қарап немесе
осындай тексеру үшін арнайы әзірленген бағдарламалық құрал арқылы талдауға болады.
316
Көшірілуге төзімділік
Көшірілуге төзімділікті көздейтін косметика абразивпен жоюға төзімдіболуы тиіс.
Бұл қасиет өнімнің теріден киім сияқты басқа беттерге көшірілуіне төзімділік ретінде белгіленеді. Тестілеу
үшін әдетте біраз өнімді қолдың сыртқы жағына жағып, бір минутқа солай қалдырады. Бір минуттан кейін
бояу жағылған жерге біраз қысыммен, бірақ уқаламай майлық жабылады. Матаға жағылған өнім көлемін
көзбен қарап немесе осындай тексеру үшін арнайы әзірленген бағдарламалық құрал арқылы талдауға болады.
Пигменттер дисперсиясы мен Түстердің біркелкі болуы
Пигменттердің біркелкі дисперсиясы сапасы
жоғары болатын өнімдер үшін өте маңызды. Пигментттер қабаққа арналған ұнтақты бояулар үшін мол көлемде
жиі қолданылады; сондықтан дисперстілігі біркелкі болмаған пигменттер теріге жаққан кезде жолақтар болып
қалады.Түстердің біркелкі болуы мен жолақтықты көзбен қарап немесе спектрофотометр немесе колориметрді
пайдаланып не суретті талдау арқылы (ерінге арналған косметиканы сияқты) бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |