Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет831/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Шашты  сәндеуге  арналған  өнімдер,  сондай-ақ  шаш  фиксаторы  ретінде  белгілі,  олар  шашқа  қажетті 

орналасу  беру,  олардың  көлемін  жақсарту,  жылтырлығын  арттыру,  пайдаланылған  өнімдерге  қарай 

жұмсарту  немесе  қаттылық  беруге  арналған  және  қысқа  немесе  ұзақ  уақыт  бойы  шашты  сәнді  етіп 

сақтап тұрады.

2. 

Шашты бұйралау және түзету құралдары шаш талшықтарының табиғи пішімін өзгертуге және табиғи 



түзу / бұйра шашты өзгертуге көмектеседі.

3. 


Полимерлер  негізіндегі  шашты  сәндеуге  арналған  құралдар  талшықтардың  бір-бірінен  сырғуын 

болдырмайтын шаш талшықтары арасында интерактивті күш құруға көмектеседі.

4. 

Шашты сәндеуге арналған жұмсартқыш құралдар сусыз құрамдар немесе эмульсия болып табылады. 



Олар  жиі  қалың,  бұйра  немесе  иілген,  яғни  сәндеуге  қиын  және  өте  құрғақ  болуы  мүмкін  шашқа 

қолданылады.

5. 

Шашты  қайта  құрылымдайтын  және  шаштың  сыртқы  түрін  өзгертетін  электр  емес  және  электр 



құралдарын пайдалана отырып, олардың әлсіз байланыстарына әсер ететін, шашты уақытша бұйралауға 

немесе түзетуге болады.

6. 

Шаш  талшықтарында  тұрақты  өзгерістер  жасау  үшін,  күшті  дисульфидті  байланыстар 



табиғисыздандылырып,  жаңа  пішінге  келтірілуі  тиіс.  Мұнда  табиғисыздандыру  әртүрлі  химиялық 

агенттермен бақыланатын кері процесс болып табылады.

7. 

Шашты сәндеген, шашты түзеткен және шашты бұйралаған кезде сапаның әдеттегі мәселелері клапанның 



бітелуі, нашар көбіктенетін мусс, тұрақсыз көбіктену,

 

эмульсияның бөлінуі, микробиологиялық ластану, 



қабыну және ашып кету.

8. 


Әдетте  шашты  сәндеуге  арналған  құралдардың  сапасын  бағалау  үшін  косметикалық  компаниялар 

тексеретін параметрлерге спрей сипаттамасын; аэрозольдің ағылуы; іске қосу күші; аэрозоль өнімдері 

үшін қысыммен сынау; көбіктену, көбік тұрақтылығы, көбік тұтқырлығы, көбік тығыздығы және көбіктің 

құрылымы; лосьондардың, кремдер мен гельдердің ағуы, қысылымдануы, құрылымы және төзімділігі; 

консерванттың тиімділігі; тұтқырлығы; және рН кіреді.

9. 


Жалпы  шашты  сәндеуге  арналған  құралдардың  тексерілетін  пайдалану  параметрлері  шаш 

талшықтарының  қаттылығын,  бекітетін  жабысқақтықты,  шашқа  арналған  лактың  динамикалық 

талдауын,  бұйралықты  ұстап  тұруды,  ылғалға  төзімділікті  және  қабыршақтануды  қамтиды.  Шашты 

бұйралау  құралдарына  келетін  болсақ,  ең  көп  өткізілетін  тесттер  тығыздық  тапшылығының  көлемін 

(DIT), бұйралаудың ұзындығын және 20% индексін қамтиды.

10. 


Шашты сәндеуге арналған бұрын қауіпсіздік бойынша күрделі мәселелерді тудырған ингредиенттерге 

шашты түзету және шашты бұйралау құралдары, пропелленттер, тиогликолаттар, гидроксидтер және 

формальдегид кіреді.

Кіріспе

Шаш түзу, толқынды немесе бұйра, ашық, қара, қоңыр, қызыл, сұр және ақ болуы мүмкін және олардың 

табиғи нұсқалары біздің даралығымыз үшін маңызды. Шаштың сәні жеке болмысын таныту және әлеуметтік 



396

мәлімдеме  жасау  үшін  пайдаланылуы  мүмкін.  Қалаған  сыртқы  келбетке  қол  жеткізу  үшін  әртүрлі  сәндеу 

өнімдері  және/немесе  сәндеу  құралдары  пайдаланылуы  мүмкін.  Шаш  өзегінің  қалыпты  құрылымымен 

манипуляциялар  жасау  әмбебап  және  мәдениет,  дін,  сән  және  тіпті  атақты  тұлғалар  сияқты  көптеген 

факторлар ықпалымен іске асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде шаш күтімі мен сәндеуге арналған өнімдерді сату 

миллиардтаған индустрияны құрайды.

Бұл  бөлімде  біз  шаштың  табиғи  орналасуын,  түзу/бұйра  болуын  және  көлемін  өзгертіп,  шашты  сәндеу 

үшін пайдалануға болатын өнімдер мен құралдардың көптеген түрлерін қарастырамыз. Біз осы өнімдердің 

негізгі  ингредиенттерін,  оларды  дайындау  және  тестілеу  технологиясын,  сондай-ақ  тұтынушылардың 

қажеттіліктерін  қарастырамыз.  Сонымен  қатар  шаш  пен  бас  терісіне  осындай  өнімдердің  беретін  негізгі 

әсерлері де талқыланатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   827   828   829   830   831   832   833   834   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет