шаштың жұқаруына,
шаштың зақымдануына немесе түсіп қалуына
әкеп соқтыратын дерматологиялық күйлерінің сыртқы түрін
жақсарту үшін пайдалы.
Адамдар түрлі себептермен шаштарын зақымдауы және жоғалтуы мүмкін, соның
ішінде аурулар, белгілі бір дәрі-дәрмектер мен генетика; тіпті қатты химиялық өңдеу де шаштың айтарлықтай
зақымдауына немесе түсіп қалуына әкеп соқтырады. Соған қоса, шаштың жұқаруы адамдардың өзіне деген
сенімін айтарлықтай бұзуы және олардың өмір сүру сапасына әсер етуі мүмкін, ал көптеген жағдайларда
айтарлықтай психологиялық және эмоциялық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
9
Шашқа арналған лак және гель
сияқты шашты сәндеу құралдарын жұқа шашты көтеріп, көлемді етіп көрсету үшін пайдалануға болады.
10
Май және силикон негізіндегі спрейлер жарқылды қалпына келтіруге және өте құрғақ немесе тіпті ұшталық
қалған шаштың көрінісін жақсартуға көмектеседі.
Шаш күтімі бойынша этникалық нарық – косметикалық индустриядағы кеңінен дамып келе жаьқан
аймақ. Шаштың этникалық құрылымы бірегей және ерекше назар мен қамқорлықты талап етеді. Қатты,
бұйра (немесе дудар) этникалық шаштың диаметрі басқа шаш түрлеріне қарағанда қатты ерекшеленеді (осы
айырмашылықтар туралы толығырақ осы тараудың 1-бөлімін қараңыз). Жалпы африкалық шаштар өте қатты,
өте құрғақ, бұйра және сынғыш және оларды Кавказ немесе азиялық шаштарға қарағанда сәндеу қиын. Шашты
сәндеуге арналған құралдар мен әртүрлі керек-жарақтар мен әдістер шашты икемді және тегіс ету үшін тиімді
пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |