■
Шашқа арналған далаптар,
сондай-ақ жылтыратқыш крем ретінде белгілі, вазелин мен түрлі балауыз
негізіндегі сусыз өнімдер болып табылады. Бұл құрамдар, әдетте, өте қою және шашты түзетуге,
кондиционерлеуге және ылғалдандыруға, сондай-ақ оларға жылтыр беруге және шаштың бұйралығын
азайтуға арналған. Далаптарды құрғақ шашқа да, сүлгімен құрғатылған шашқа да жағуға болады.
Өнімдер өте қою болғандықтан, оларды шашқа жағар алдында алақанға салып уқалайды.
■
Шашқа арналған жылтыратқыштар
– майлар мен силикондар негізіндегі сұйықтықтар. Бұл өнімдер
сәндеуді жеңілдетіп, шашқа майлы әсер бермей, оны жылтырлату үшін жасалған.
25
■
Бүріккіш майлар және силикондар:
Бұйра, иілген афроамерикалық шашты кондиционерлеу және
тараған кездегі үйкелісті азайту үшін құрамында көптеген майлар мен силикондар бар шашқа арналған
спрейлерді қажет етеді. Бұл өнімдер май бүріккіштер ретінде белгілі. Әдетте бұл аэрозольдік майлар
болып табылады, олардың құрамында ақуыз сияқты қосымша кондиционер заттар болуы мүмкін. Бұл
өнімдер әдетте шашта жеңілдеу болады; демек, олар күнделікті қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |