қалпына келтіретін агенттер
бар.
43
Тиогликолат негізіндегі түзеткіштер тиогликолат негізіндегі химиялық бұйралауға арналған өнімдерге
ұқсас принцип бойынша жұмыс істейді (осы тараудың 2-бөлімін толығырақ қараңыз); алайда кейбір
айырмашылықтар бар. Шашты түзеткен жағдайда өңдеудің алдында шашты жумайды. Мұның себебі,
тегістеу бұйралаудан гөрі шашқа көберіек зиян келтіреді және сусабынмен жуған кезде бас терісінен
қорғау майлары жойылады. Сонымен қатар, шаш өзекке оралмайды, түзетуші агент шашқа тарақ арқылы
тікелей жағылып, үлестіріледі. Жағуды және үлестіруді жеңілдету үшін, түзетуші құрал әдетте қою крем
ретінде шығарылады. Сульфит негізіндегі өнімдер де қолжетімді. Олардың pH шамамен 7 болады; демек,
бұл өнімдер тері мен шаш үшін жұмсақ әсер береді. 2-кезеңде тотықтырғыш пайдаланылмайтынын
қоспағанда, оларды қолдану процедурасы тиогликоль негізінде түзеткіштерді қолдану процедурасына
ұқсас болады. Тотықтырғыштардың орнына әдетте натрий карбонаты немесе тиімділігі әлсіздеу болатын
бикарбонат бар бейтараптандырғыш ерітінді қолданылады.
■
Гидроксид пен тиогликолаттан басқа, перманентті Шаш түзеткіш ретінде қолданылатын
басқа да
ингредиенттер бар.
«Бразилилық кератиндік өңдеу» немесе «Бразилиялық сәндеу» ретінде белгілі
шашты түзеткіш құралдар тобы шашты түзететін негізгі компонент ретінде формальдегидті қамтиды.
Процедура кератин бар түзеуге арналған ерітіндіні жағудан тұрады, кейін жоғары температуралы
(шамамен 150 - 220
∘
C) тегістеуші үтік қолданылады. Тегістеп үтіктеуден кейін шашты шайып, оған
кондиционер жағады.
44
Мұндай құрамдарды пайдаланған кезде кәсіпқойлардан және клиенттерден
елеулі қолайсыз әсерлер туралы бірнеше хабарлама алынды. 2012 жылы CIR сарапшылар тобы бұл
құрамдарды пайдалану қауіпті деп жариялаған. Орегон штатының еңбек қауіпсіздігі және денсаулық
бөлімі (OSHA) (қауіп туралы ескерту) және FDA клиенттерге осындай құрамдарды пайдалануды
шектеуді ұсынады.
45
Шашты ұзақ уақытқа түзетуге арналған өнімдердің құрамын пайдаланған кезде, тиогликолаттар бар шашты
бұйралауға арналған құралдардың құрамына ұқсас, бұрын айтылған сақтық шараларын ескеру керек. Тегістегіш
өнімдер, әдетте, крем, көбінесе май/су эмульсиясы түрінде дайындалады. Ылғалдағыштар жиі экзотермиялық
реакция болып табылатын сілтіні еріту процесінің барысында судың шамадан тыс ұшып кетпеуін болдырмау
үшін енгізіледі. Белсенді қоспаны эмульсияға қосу сілтілердің, әсіресе натрий гидроксиді жағдайында, жоғары
реакциялық қабілетіне байланысты маңызды кезең болып табылады. Олай болмаған жағдайда, бұл өнімдерді
дайындау процесі эмульсиялаудың жалпы кезеңдеріне сәйкес келетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |