Костюм композициясы



бет1/4
Дата04.07.2023
өлшемі133,05 Kb.
#179326
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-26655

КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ

  • КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  • Композиция туралы түсінік
  • Композиция (лат.compositio) - элементтердің жазықтықта немесе кеңістікте бірігуі мен байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді.
  • Киім дизайиында композиция пішін құрылымының жалпы заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті, функционалды, эстетикалың құндылығы бар утилитарлық аяқталған заттың пішінін жасау.
  • Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру. Костюм құрастыру өнерін сәулет өнерімен теңдестіруге болады. Сәулет өнерінде түрлі сәндік элемент- терге жарты колонна, пилястр, ою-орнекті фриздер жатады. Ал костюмге көркемдеу, фурнитура, кесте, ою-өрнек тағы да басқа жатады
  • Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі, арақатыстығы, киімнің жалпы пропорциясы және силуэт құрайды. Киімде әр пішіннің пропорциялық дене бітіммен арақатынастары маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат береді. 
  • Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті көрсетсе, көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі.
  • Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да әрқилы болады.
  • Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін құрайтын нымша, белдемше, жеңді және моделъді әрлендіріп байытатын пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің декорациялық элементтері болып саналатын шілтер, күлте, желбіреуіш, үлбір, сонымен қатар киім бөліктері - жаға, қалта, қаттама, т.б. жатады.
  • Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік- костюмдік деп аталады. Сәндік-костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен, киім компонент- теріне пішін (форма), силуэт, конструкциялық және декорациялық сызықтар, түс, киімнің жеке бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қарама-қайшылық жатады
  • Композицияның қасиеттері
  • Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс:
  • келісімділік - композиция компоненттері мен ком­позициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы;
  • композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы;
  • композициялық бірлігінің

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет