Эдвард де Боно кім?
Эдвард де Боно – әлемде креативтілік және ойлау дағдыларын оқыту саласындағы танымал сарапшы, бизнес-тәжірибеде, шығармашылық жұмыста және оқытуда қолданылатын «Ойлаудың алты қалпағы», т.б. әйгілі әдістемелердің авторы, британдық психолог, жазушы. 1980 жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Ақылдың алты қалпағын » ойлап тапты.
Алты қалпақ ойлаудың алты әдісін (немесе бағытын), алты әр түрлі және бірін-бірі толықтыратын көзқарастарды білдіреді.
Ойлаудың алты қалпақтары
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
1.Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субъективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын дәлелдер мен деректер, ақпараттар келтіреді.
2.Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді екенін айтып қана қоймай, түсіндіру қажет.
3.Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
4.Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.
5.Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс - тәсілдерді қалай қолдану керек? Өзгеше болу үшін не істеу керек? Жаңалықты енгізу үшін не істеу керек? деген сұрақтар қою арқылы жаңа идеяларды ойлап табады.
Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық, пысықтау қалпағы. Көк қалпақты таңдаған топ басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |