Ковыленка негізгі орта мектебі Тақырыбы: Өткізген : Жантасова А. Б



бет2/2
Дата21.04.2017
өлшемі193,91 Kb.
#14414
1   2

Өткізген : Жантасова А.Б.

2014 оқу жылы

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы


Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент Күні. Елімізде осы мереке қарсаңында көптеген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары науқан алып жатқаны белгілі. Бұл мерекеге байланысты «Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты болып өтті. Ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Шакирова Динара. Бұл да өз кезегінде бұл мерекенің аталып өтілу машығы мен үрдісіне, ерекшелігіне айналмақ.

Әлем тәжірибесінде Президент күндері бар. Мәселен, АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі (22-ақпан) – Президент күні. Бұл АҚШ мемлекетін біртұтас бір мемлекетке құрай білген Д. Вашингтоннің туған күніне сәйкес. Ал біздің еліміздің бұл мерекесі «Тұңғыш Президент Күні» деп аталады және Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда президент болып сайланған уақыты, яғни, 1 желтоқсан Президент күні ретінде шкала қойылған. Бұл мереке барысында Назарбаев оқулары халықаралық форумы өткізіледі. Білім беру ордаларында әртүрлі ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Халыққа әртүрлі әлеуметтік сыйақылар-жәрдемақылар беріледі.

Н. Ә. Назарбаев экономика ғылымдарының докторы; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры; Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; Ресейдің Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының құрметті мүшесі; Ислам ғылым академиясының құрметті мүшесі; Кембридж университетінің құрметгі профессоры; Корей университетінің құрметті докторы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы; «Нұр Отан» партиясының төрағасы;  Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Әлемнің ең мықты 5 саясаткерінің бірі аталған Н. Ә. Назарбаев әлемге аты белгілі үздік саясаткер де! Ядролық қаруға қарсы позициясы, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Дәстүрлі діндердің съезін өткізуі – Н. Назарбаевтің әлем аренасындағы саяси тұлғасын айқындап берді.

1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген.


2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.
1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
2 - жүргізуші: Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 жел¬тоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
1 - жүргізуші: Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел¬тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр¬сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 6 «А, В» сыныптарының «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы:
Рөлдерде: Әжесі - Мырзабала, Әкесі – Әбіш, Бала - Сұлтан «Үшқоңыр» әні, орындайтындар:.
1 - жүргізуші:. Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның дауысы естілді.
2 - жүргізуші: Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы Шамалған ауылында соғылды. Бұл мектепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды, сабақ берді. Мүмкін осы жерде білімге деген құштарлық пен шыдамдылық, адамдарға деген ерекше ашықтығы қалыптасқан болар.
Оныншы сыныпты Нұрсұлтан Қаскелеңде алтын медальмен аяқтады.
1 - жүргізуші: Отбасындағы тұңғыш ұл, сондықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік. Ата - анасына көмектесіп, уақытша өз арман - мұратын ұмытуға тура келді. Сондықтан «Ленинская смена» газетінде Бүкілодақтық комсомол құрылысы – металлургиялық комбинаттың жастарды шақыруы туралы оқып, Нұрсұлтан металлург мамандығын алу үшін сонда баруды шешті. Ата - анасы бұл шешімге қарсы болмады, оны қолдады. Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы мамандығына оқу, кейін Теміртауда жаңадан салынған металлургиялық комбинатта мамандығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды. Бұл қала мен комбинат кісілері шынымен болашақ ел президентінің өміріне зор әсерін тигізгені анық.
2 - жүргізуші: Н. Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазады: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда, көмейінде от пен металл ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немесе қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл - гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, екіндінің шырт тыныштығында ұйып тұрған жусан иісін құныға сіміргім келетін. Әсіресе мың градуста сарқылдап қайнап жатқан металдың сенен санаулы - ақ метр жерде тұрғанын, мұндайда күрделі металлургиялық процесте бола беретін, сенің аңдаусыз қимылың мен күтпеген техникалық кездейсоқтықтарды елестеткенде, балаң жанның баршасына тән қай - қайдағы үрей мен толқынысты сәттер есімде қалыпты».
1 - жүргізуші: 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984 - 1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990 - 1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан - сәуір айлары) болып қызмет атқарды.
2 - жүргізуші: Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
«Атамекен» әні.
1 - жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік - тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.
2 - жүргізуші: Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік - тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Елім, Жерім, Отаным, бақ - дәулетім, Сен менің арым, бағым, барымсың,
Болашағым, өнер - білім, өркенім. Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Қазағымның өркендеді елдігі. Өмір жолы болған қиын бұралаң. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында, Қазағымды жарқын жолға бастады, Ағалардың ұмытылмас ерлігі, Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.. Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Естімейік енді елдің жылағанын,, Астанамен айшықталған ортасы. Қайта құлап, бостандық сұрағанын. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Абылайдың жолымен алға басқан,, Бұның бәрі Елбасының арқасы, Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.. Шықты тарап ой - данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті Биіктей бер, Нұр аға, Гүлдене бер, Отаным,
Қыран қанат талмасын. Көтерген туын Нұр ағам!
Қадірлемей тұра ма, Көбейткен достың қатарын,
Халық сіздей тұлғасын. Нұр аға – біздің ұлы адам.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Бостандық құтты болсын ерікті ел
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Бостандықты аңсаған батырлардың
Ақ ниетті халық деген данам бар. Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Егемен елімнің ертеңі деп, Серпігенде бодандықтың тұманын,
Елбасы баға берді жастарыма Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім.
Оқу оқы білім ал, елің үшін Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма. Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Ел тірегі - қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
Оянады көңілден қайдағы арман, Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Бақыт желі ескендей жайлап алған. Лебізіңнен ал арманы өрілген. Президентім бар менің елі түгел, Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған. Достық әні шарықтайды төрімнен!
1 - жүргізуші: Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт - санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы, сендер, Елбасының «…садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр - бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ»,- деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет.
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы.
Хормен: Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын,
2 - жүргізуші:– деп бүгінгі президентімізге арналған іс - шараны аяқтаймыз.
«Қазақ елі осындай» әні:.....................................................................................................
Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет