Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады



бет1/4
Дата15.06.2023
өлшемі145,27 Kb.
#178853
  1   2   3   4
Байланысты:
тесты-для-студентов-4курс-каз-380











С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




  1. Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?

А) шыны тәрізді дене
Б) Цилиарлы дене
В)Хориоидея
Г) Нұрлы қабық
Д) Жас безі



  1. Көз алмасының қандай құрылымы арқылы сұйықтық алдыңғы камерадан ағып шығады?

А) Қарашық
Б) Цилиарлы дене
В) Қасаң қабық
Г) Трабекула аймағы
Д) Көздік вена



  1. Төменде аталған көзішілік қысымды өлшейтін қандай тәсіл субъективті?

А) Маклаков бойынша тонометрия
Б) Пальпаторлы тонометрия
В) Тонография
Г) жанаспайтын тонометрия
Д)Тәуліктік тонометрия



  1. 56 жастағы науқасты оң көзінің ауыру сезімі мазалайды. Ауыру сезімі сол ауырған көзінің жарты басына берілген, лоқсиды, құсады. Көзі кенеттен күйзелістен кейін ауыра бастаған. Объективті: ОД – блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кең, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуінен көз түбі көрінбейді. Көру жітілігі ОД – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм.с.б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті ем нәтижелі болмағанда, хирургиялық емді жүргізу мерзімі қандай?

А) Тор қабықтың орталық венасының тромбозы,12сағат
Б) жедел иридоциклит, 12сағ.
В)глаукоманың жедел ұстамасы, 78сағ.
Г)жедел кератоувеит, 24сағ.
Д)глаукоманың жедел ұстамасы, 24сағ.



  1. Битемпоралдік гемианопсияда зақымданады?

А) көру нерві
Б) хиазма
В) қыртыс асты аймақтағы көру жолы
Г) тегеурін (шпорал) иірім аймағы
Д) көру нерві дискі

6. Жанаспайтын тонометр арқылы қандай қысымды анықтауға болады?


А) тонометриялық көзішілік
Б) эписклералды веналардағы
В) шынайы көзішілік
Г)тонографиялық көзішілік
Д) тор қабықтың орталық артериясының

7. Алдыңғы камераның бұрышындағы өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу тәсілдері қолданылады?


А) офтальмоскопия
Б) гониоскопия
В) циклоскопия
Г) периметрия
Д) тонометрия

8. Төменде аталған қандай көрсеткіштер арқылы глаукоманың сатысы анықталады?


А) көру жітілігі және көзішілік қысымның деңгейі
Б) көру кеңістігінің жағдайы мен көру нерві дискінің экскавациясы
В) көру нервінің экскавациясы мен көзішілік қысымның деңгейі
Д)сұйықтықтың ағып шығу жеңілдігі мен көру кеңістігінің жағдайы
Г)көру кеңістігінің жағдайы мен көру жітілігі

9. Төменде аталған қандай параметрлер көзішілік қысымның тәуліктік ауытқуына қалыпты?


А) 15мм.с.б.
Б) 5мм.с.б.
В) 7мм.с.б.
Г) 8мм.с.б.
Д) 10мм.с.б.

10. Тонометрлік көзішілік қысымның қалыпты жоғарғы шегі нешеге тең?


А) 21мм.с.б.
Б) 24мм.с.б.
В)25мм.с.б.
Г)26мм.с.б.
Д) 37мм.с.б.

11. 60 жастағы науқас сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне және басының қатты ауыруына, ауыру сезімі сол ауырған көз жақтағы басына берілгеніне шағымданды. Бұл белгілер түнде пайда болған, лоқсыған және құсқан. Бірнеше күн бұрын қатты күйзеліс болған. Бұрын көзі ауырмаған. Объективті: Vis OD – 0,5sph +2,0 = 1,0; Т – 19мм.с.б.; VIS OS – 0,04түзетілмейді; Т – 47мм.с.б. Сол көз – көз саңылауы тарылған, көз алмасының іркілісті инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера өте саяз, қарашық кең, диаметрі 5мм., сопақ пішінді, көз түбінен рефлекс әлсіз, көру нерві дискі көрінбейді. Оң көз жасқа байланысты қалыпты жағдайда. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді?


А) гипертониялық криз
Б) глаукоманың жедел ұстамасы
В) жедел конъюнктивит
Г)жедел иридоциклит
Д) ісінген катаракта

12. Төменде аталған қандай тәсілдер арқылы көздің гидродинамикасын анықтауға болады?


А) тонография
Б) тонометрия
В)гониоскопия
Д) оптикалық когеренті томография
Г) тәуліктік тонометрия

13. Науқасқа гониоскопия жасағаннан кейін, алдыңғы камераның бұрышы жабық екені анықталып, дәрілер берілді. Төменде аталған дәрілердің қайсысын беруге болмайды?


А) ß- блокатор
Б) миотиктер
В) мидриатиктер
Г) нейропротекторлар
Д) диуретиктер

14. Ашық бұрышты глаукома патогенезінің негізгі себептері:


А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы
Б) қарашықтың жабысып қалуы
В)алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің сіңбей қалуы
Г)нұрлы қабықтың бомбажы
Д) көздің дренаждық жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

15. Төменде көрсетілген қандай белгілер бұршақтың дислокациясына тән?


А) гифема, иридодиализ
Б) иридоденез, алдыңғы камераның біркелкі болмауы
В) қарашықтың пішіні дұрыс емес, қасаң қабықтың ісінуі
Г) көз түбінен сұрғылт рефлекс, қарашықтың эктопиясы
Д) нұрлы қабықтың бомбажы, қарашықтың шетінің жыртылуы

16.Орбитаның қандай қабырғасы әлсіз?


А) жоғарғы
Б) төменгі
В) сыртқы
Г) ішкі
Д) шыңы



  1. Көз алмасының сұқпалы жарақатының қандай жағдайларында рентгендік шолу суреті жүргізіледі?

А) көз жарақатының барлық жағдайларында
Б) егер анамнезінде көздің ішіне бөгде дене болуы мүмкін жағдайда
В) егер орбитаның сынған белгісі болған жағдайда
Г) егер бөгде дене көздің артында болса
Д)егер Комберг-Балтин протезін қолдану мүмкін болмағанда



  1. Қандай патологияда бір көз ауырғанда, екінші көз ауыруы мүмкін (симпатикалық офтальмия)?

А) жарақаттық кератит
Б) екіншілік глаукома
В) жарақаттық кератоконъюнктивит
Г) жарақаттан кейін болған увеит
Д)жарақаттық катаракта



  1. Төменде аталғандардың қайсысы гемофтальмге тән?

А) алдыңғы камерада қан
Б) тор қабыққа қан құйылу
В) шыны тәрізді денеге қан құйылу
Г) конъюнктива астына қан құйылу
Д) ретробульбарлы аймаққа қан құйылу



  1. Көздің химиялық күйігінде қандай көмек көрсету керек?

А) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антибиотик тамызу
Б) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзді сумен ұзақ жуу
В) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзге бинокулярлы таңғыш тағу
Г) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антисептиктермен жуу
Д) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, кортикостероидтарды тамызу



  1. Жарақат алған науқаста жоғарғы қабақтың птозы, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі байқалады. Айтылған белгілерге төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) склера конъюнктивасының жыртылуы
Б) көз шарасының эмфиземасы
В) көру нервінің үзілуі
Г) көз шарасының тромбофлебиті
Д) жоғарғы көз саңылауының синдромы



  1. Қасаң қабықтың эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін қандай дәріні қолданамыз?

А) Алкаин 0,5%
Б) Флюоресцеин 1%
В) Колларгол 1%
Г) Сульфацил-натрий 30%
Д) Левомицетин 0,3%



  1. Науқаста көзінен күйік алғаннан кейін, конъюнктиваның шіруі байқалады және қасаң қабық фарфор тәріздес. Берілген клиникалық белгілер күйіктің қандай дәрежесіне тән?

А) І дәрежесіне
Б) ІІ дәрежесіне
В) ІІІ дәрежесіне
Г) ІV дәрежесіне
Д) V дәрежесіне



  1. Сидерозға сәйкес келеді?

А) көздің ішінде мыс жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс
Б) көздің ішінде алюминий жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс
В) көздің ішінде темір жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс
Г) көздің ішінде шыны жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс
Д) көздің ішінде ағаш жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс



  1. Науқас оң көзінен жас ағуына, жарықтан жасқануына, ауыруына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, кешке таман бақшада жұмыс істеу барысында ағаштың бұтағымен көзін зақымдап алған. Қарап шыққанда: ОД – 0,4түзетілмейді, OS – 1,0. Объективті: ОД – айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеалді қызару, қасаң қабықтың оптикалық маңы айнадай жылтырлығын жоғалтқан. Алдыңғы камера орташа тереңдікте, біркелкі. Қасаң қабықтың 2,0х1,5мм аймағы жасыл түске боялады. Алдын – ала диагноз қандай? Төменде көрсетілген қандай емдеу тактикасы дұрыс?

А) қасаң қабықтың жалақтануы, антисептиктер, антибиотиктер және витаминдер тамызу
Б) қасаң қабықтың жарақаттық ноғаласы, емдік кератопластика
В) қасаң қабықтың өршіме жарасы, антибиотиктер мен кортикостериодтарды тамызу және парабульбарлы аймаққа егу.
Г) қасаң қабықтың эрозиясы, кортикостероидтар мен регенеративті процестерді жақсартатын дәрілерді тамызу
Д)қасаң қабықтың тесіп өтпеген жарақаты, анестетиктерді тамызып, ауруханаға жатқызу.



  1. Бұдан 6 ай бұрын сол көзінен кәсіби жарақат алған 33 жастағы слесарь нұрлы қабығының түсінің сұр түстен қоңыр түске өзгергенін байқаған және көру жітілігі төмендеген. Жарақат алғаннан кейін дәрігерге көрінген, ол сульфацил натрий беріп, үйіне жіберген. Қосымша тексеру тәсілдерін жүргізбеген. Объективті: сол көзінің көру жітілігі 0,4 түзетілмейді. Оң көзде патологиялық өзгерістер жоқ. Оң көзінің көру жітілігі 1,0. Дәрігер қандай қателік жіберген? Қандай алдын-ала диагноз қоюға болады?

А) рентген жасаған жоқ, халькоз
Б) бактериологиялық зерттеу жүргізген жоқ, увеит
В) офтальмоскопия жүргізген жоқ, халькоз
Г) қан анализін тексерген жоқ, сидероз
Д) рентген жасаған жоқ, сидероз



  1. Науқаста көзіне сұқпалы жарақат алғаннан кейін, бұршағында сары-жасыл гүлдеген пісте гүлі сияқты бұлыңғырлану пайда болған. Қандай алдын-ала диагноз қоюға болады?

А) сидероз
Б) жарақаттық катаракта
В) халькоз
Г) бұршақтың сублюксациясы
Д) эндофтальмит



  1. Қасаң қабықтың сұқпалы жарақатының нақты белгісіне жатады?

А) алдыңғы камера тереңдігінің біркелкі болмауы
Б) қасаң қабықтағы инфильтрат
В) алдыңғы камерадағы қан
Г) ішкі қабықтардың сыртқа шығуымен жараның болуы
Д) айқын гипотония



  1. Көздегі бөгде заттардың орналасуын анықтау үшін арналған тәсіл?

А) рентгенография
Б) гониоскопия
В) периметрия
Г) компьютерлік томография
Д) магнитті-резонансты томография



  1. Төменде аталған қандай клиникалық белгілер орбита қабырғасының сынығына тән?

А) көрудің төмендеуі, ауыру сезімі
Б) энофтальтм, экзофтальм
В) гипотония, гипертония
Г) көзден жас ағу және жарықтан жасқану
Д) птоз, блефароспазм



  1. Төменде аталған қандай емдеу тәсілдері симпатикалық офтальмияны алдын-алу үшін маңызды?

А) дезинтоксикациялық терапия
Б) күшті антибактериалды терапия
В) жарақаттанған көздің энуклеациясы
Г) қабынуға қарсы ем
Д)десенсибилизациялық ем



  1. Көру нервінің үзілуіне сәйкес белгі?

А) көздің қызаруы
Б) зағиптық
В)көрудің төмендеуі
Г)көзішілік қысымның жоғарылауы
Д) гипотония



  1. Қасаң қабық жалақтанғанда флюоресцеинмен бояса, қандай түске боялады?

А) көк
Б) қызыл
В) сары
Г)қоңыр
Д)жасыл



  1. Офтальмологқа 1,5жасар баласымен ана келді. Анасы баласының сол көзі қарашығының сары түсті жарқырағанын байқады, қарашығы кең. Тексергенде: оң көзінің көз түбінен рефлекс қызғылт, ал сол көзінен рефлекс сарғыш. Сол көзін офтальмоскопия жүргізгенде тор қабықтың көп бөлігін алып жатқан, шыны тәрізді денеге шығып тұрған сары-алтындай түсті түзілім анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) тор қабықтың сылынуы
Б) ретинобластома
В)хориоидеяның меланомасы
Г)Коатс ретиниті
Д) токсоплазмозды хориоретинит



  1. 6 айлық баланың сол көзінің қарашығы кең « амавротикалық мысықтық көз». Қандай алдын-ала диагноз қоюға болады?

А) глаукома
Б) хориодея меланомасы
В) эндофтальмит
Г) ретинобластома
Д) тор қабықтың сылынуы



  1. Қасаң қабықтың қандай қабатының регенерациялық қасиеті жақсы?

А)строма
Б) боумен қабаты
В)десцемет қабаты
Г)эпителий
Д) эндотелий



  1. Алдыңғы камера бұрышындағы ісікті анықтау үшін қандай зерттеу тәсілі керек?

А) тонометрия
Б) офтальмоскопия
В) периметрия
Г) гониоскопия
Д) кампиметрия



  1. Көз түбіне құйылған қанды қандай тәсілмен анықтауға болады?

А) көз ішіне жарық енгізу
+Б) офтальмоскопия
В) жанынан жарық түсіру
Г) биомикроскопия
Д) рентген



  1. «Шие сүйегі» белгісі қандай патологияға тән?

А) тор қабықтың сылынуына
Б) тор қабықтың дистрофиясына
В) тор қабық венасының тромбозына
Г) тор қабықтың орталық артериясының жедел түйілуіне
Д) ретинобластомаға



  1. Тор қабықтың патологиясымен науқас неге

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет