Көз және оның оптикалық жүйесі, құрылымы
Көз – «тірі» оптикалық аспап, ол адамға да, жан-жануарларға да қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік береді. Көз алмасының тор қабатында көз дененің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескінін береді.
Көздің құрылымы:
1) Склера – көз алмасының сыртқы қабықшасы;
2) Қасаң қабақ – склераның алдыңғы, мөлдір бөлігі, оның сыну көрсеткіші n=1.38);
3) Тамырлар қабығы – көзді қоректендіретін қан тамырларынан тұрады. Ол склераға ішкі жағына жанасып жатыр;
4) Нұрлы қабық – тамырлар қабығының алдыңғы бөлігі. Адамдар көзінің түсті қабығының түсі әр түрлі болады;
5) Көздің қарашығы – нұрлы қабықтың ортасындағы жарық өтетін саңылау. Қарашықтың диаметрі рефлективті түрде жарықтануға тәуелді 2 мм-ден 8 мм-ге дейін өзгеріп отырады;
6) Көз бұршағы – қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір, серпімді, бірнеше қабаттан тұратын дене. Көз бұршағы қисықтық радиусы оны барлық жағынан қамтып тұрған бұлшық еттердің әсерінен өзгере алады, ал кескін көз торына проекцияланады. Нәтижесінде әр түрлі қашықтықта орналасқан нүктелер дәлме-дәл торламаның сезгіш қабатының бетіне кескінделеді. Бұл процесс аккомадация деп аталады. Қалыпты көз үшін ол 25 см.
7) Көз бұршағын деформациялайтын бұлшық еттер оның қисықтық радиусын өзгертуге алып келеді. Сонымен қатар бұл бұлшық еттер көзді бұрып, оның осін қарап отырған денеге бағыттайды. Дене көзге жақындағанда оң және сол көздердің бұлшық еттерінің қатысы арта түседі. Жақын орналасқан дененің
Достарыңызбен бөлісу: |