Красноярка ауылы №25 орта мектебінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай өткізілген «Тілдер онкүндігінің» қорытынды есебі.
2015-2016 оқу жылы.
Қыркүйек айының 14 мен 23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай мектепте онкүндік бағдарлама жоспары құрылып бекітілді. Жоспар бойынша төмендегі іс-шаралар өткізілді.
14 қыркүйек күні «Тілдер күніне» арналған онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Оған 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты. «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты 1-11 сыныптар арасында ашық сынып сағаттары өткізілді. Мектептегі тіл мамандарының жауапкершілігімен «Ұлт тірегі- тіл» атты 9-11 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханашысы Абақаева С.С ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Қазақстан- менің Отаным» атты сурет сайысы ұйымдастырылды. Жауапты бейнелеу пәні мұғалімі Ибрайбекова Г.С.
Ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен тіл мамандарымен білімдерін сынаған сайыс «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды сайысы өтті. Ұйымдастырып өткізген ТулебаеваН.К. 9 «б», 10 «б» сынып арасында «Выучи язык» атты сыныптан тыс сабақты орыс тілі маманы Ғазизова Г.Б өткізді. Осы сыныптарда өткен «Қазақстанға келіңіз» атты ашық сабақ қазақ тілі маманы Тулебаева Н.К жауапкершілігімен жоғары деңгейде өтті. Қазақ және орыс сыныптары арасында «Сөз шебері» атты байқауды қазақ тілі мұғалімі Танырбергенова Р.Б өткізді. «Әнші бұлбұл» атты әр ұлттың әнін орындауда 5-7 сынып оқушылары өнер көрсетті. Өткізген Қайрбекова С.А «Абайдың туғанына 170 жыл» әдеби кешке 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен Абдрахманова А.Ж өткізді. Сондай –ақ бастауыш сыныптардың қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым өтті. Мұнда әр сынып ұлттық ертегіні рөлдерге еніп сомдады. Тілдер мерекесі қарсаңында бірнеше ашық сабақтар да берілді. Қазақ тілі мұғалімі Танырбергенова Р.Б 6 сыныпта әдебиет пәнінен «Алпамыс батыр» тақырыбында ашық сабақ берді. 5 «б» сыныбында ағылшын тілінен Туғанбаев Т.Қ сабақ берді. 9 «а» сыныбында «Тұрмыс –салт жырлары» атты ашық сабақты Тишыбайева Б.Қ өткізді. Тілдер мерекесіне арналған онкүндікті жалпы мектепішілік «Отанымыз да, еліміз де бір» атты фестивальмен ұштастырды. Мұнда Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдерінің тілінде сөйлеп, ұлттық киім үлгісі мен музыкасына, асханасынан , салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Қорыта айтқанда мектебімізде өткен « Тілдер мерекесі» өз деңгейінде, қызықты өтті. Барлық мұғалімдер мен сынып жетекшілері жауапкершілікпен бекітілген тапсырманы уақытында өз деңгейінде орындап шықты. Жеңіске жеткен оқушыларды апта соңындағы жиында мектеп грамоталарымен марапаттады.
Гуманитарлық әдістеме жетекшісі: Тишыбайева Б.Қ
Достарыңызбен бөлісу: |